Саясат Нұрбек Корея Республикасының білім вице-министрімен кездесті

2 Сәуір 2024, 08:22
301
Бөлісу:
Саясат Нұрбек Корея Республикасының білім вице-министрімен кездесті
Фото: gov.kz

Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің білім вице-министрі О Сеок Хванмен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, тараптар білім беру саласындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу мүмкіндіктерін, Қазақстанда Корей жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды талқылады.

Сапарыңыз үшін рахмет. Көптеген жылдар бойы біздің елдеріміз білім беру саласында табысты ынтымақтасып келеді, тұрақты тәжірибе алмасу жүріп жатыр, көптеген қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяда білім алуда. Осы кездесудің қорытындысы бойынша біз білім беру жүйелерін бірлесіп дамыту мақсатында ынтымақтастықтың жаңа нүктелерін табамыз деп үміттенемін, - деп бөлісті білім вице-министрі О Сеок Хван.

Саясат Нұрбек екі ел арасындағы білім беру саласындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, 1937 жылы Қиыр Шығыс Корея педагогикалық институтының базасында құрылған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қызметі туралы айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы 8 филиал ашылды, олардың бірі - Қорқыт Ата Қызылорда университетінің негізінде ашылған Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі. Осы тәжірибені жалғастыру мақсатында Қазақстанда SeoulTech филиалын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек.

Білім вице-министрі О Сеок Хван бұл ұсынысты қолдап, Қазақстанда бірқатар корей жоғары оқу орындарының франшизасын ашуға жәрдемдесуге, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыруға дайын екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы