Қарағанды облысында 19 мың метр кубтан артық еріген су сорылды

2 Сәуір 2024, 03:24
273
Бөлісу:
Қарағанды облысында 19 мың метр кубтан артық еріген су сорылды
Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай - Нұра су қоймаларынан су ағызудың ұлғаюына байланысты, елді мекендерде біліктерді нығайту және қаптарды төсеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Тұрғын алаптардың су басуына жол бермеу мақсатында 19 мың метр кубтан астам еріген су сорылды. Елді мекендерде 52955 қап төселіп, 60 тонна инертті материалдар құйылды.

ТЖД, ПД, ҚМ, ЖАО және ұйымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы