Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты

2 Сәуір 2024, 19:23
350
Бөлісу:
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Фото: Үкімет

Nazarbayev University-де Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кеңес мүшелері NU-дың жоғары функционалды зертханаларымен және ғалымдардың жаңа әзірлемелерімен, атап айтқанда Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтымен, импульстік үдеткіш зертханасымен, заманауи наноматериалдармен, геномдық және дербестендірілген медицинамен танысты.

Жоғары Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов ғылым мен өндірісті интеграциялаудың, сондай-ақ қазақстандық ғылыми қоғамдастық үшін ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту жөніндегі нақты міндеттерді атап көрсетті. NU-дың өнеркәсіптік өндірістерге жақын орналасқан өңірлік жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

Университет ғылыми және білім беру ресурстарын дамытуды күшейтіп, өз әзірлемелерін коммерцияландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестікті нығайтуы қажет. Мұның барлығы ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін арттыруға ықпал етеді. Зияткерлік мектептердің әлеуетін өңірлердегі мектептерді қолдау үшін барынша пайдалану керек. Біздің міндетіміз – балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы