Атырау облысы. Қосқұлақ және Бүйрек елді мекенінің тұрғындарын эвакуациялап жатыр

2 Сәуір 2024, 17:18
338
Бөлісу:
Атырау облысы. Қосқұлақ және Бүйрек елді мекенінің тұрғындарын эвакуациялап жатыр
Фото: ТЖМ

ТЖМ Атырау облысындағы су тасқыны жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 28 наурыздан бастап ауыл тұрғындары жүйелі еңбек етіп, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің, аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және еріктілер жұмыла әрекет етіп, Ойыл өзені бойындағы бөгеттердің осал жерлерін нығайтып, мыңдаған қап топырақ төсеп, тәулік бойы қауіпті жерлерге бақылау бекеттерін ұйымдастырған болатын.

Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Ойыл өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты 31 наурызда 3 қабылдау пункті бойынша тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізілді. Жағдай тұрақталған сайын ауыл тұрғындары біртіндеп үйлеріне қайтады.

Бүгінгі күні облыстық әкімдікте және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде облыстық жедел штабтар және Қызылқоға ауданында аудандық жедел штаб жұмыс істеуде. Ойыл өзенінің су деңгейін бақылау үшін тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылды.

Қызылқоға ауданы Миялы ауылының Ойыл өзенінің су деңгейі 4,80 метрге көтерілген болатын. Қазіргі уақытта Қызылқоға ауданы Миялы ауылында Ойыл өзенінің су деңгейі 4,20 м (-0,60 метрге төмендеді) құрайды. Сонымен қатар Қосқұлақ және Бүйрек елді мекенінің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы