БҚО-да республикалық маңызы бар жол қалпына келтірілді

2 Сәуір 2024, 16:22
301
Бөлісу:
БҚО-да республикалық маңызы бар жол қалпына келтірілді
VIDEO
Фото: скриншот

Кеше БҚО-да «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 35-шақырымын су басып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірде сағат 18:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы республикалық маңызы бар «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 35-шақырымында еріген қар суының салдарынан жол төсемін су басып, оның бұзылуына әкелді.

Мамандар дереу шара қабылдап, инертті материалдарды төсеп, жөндеу жұмыстарына 14 арнайы техника мен 20 маман жұмылдырылып, жолды қалпына келтірді, - делінген хабарламада. 

Аталмыш учаскеде бүгін сағат 16:10-да көліктер үшін қозғалыс ашылды.

Өзгелердің жаңалығы