Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

2 Сәуір 2024, 11:24
1708
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті шешімге өңір әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды.

Аталған шешімге сәйкес БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалды.

Айта кетейік, өңірде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасқан. Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлер су астында қалды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жартысы балалар. Облыс көлемінде су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел-эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, қажетті жағдайлар жасалуда.

Өзгелердің жаңалығы