Су тасқыны: Әскери қызметшілер алдын алу шараларын жүргізуге көмектесті

2 Сәуір 2024, 05:38
349
Бөлісу:
Су тасқыны: Әскери қызметшілер алдын алу шараларын жүргізуге көмектесті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Әскери қызметшілер алдын алу шараларын жүргізуге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Үлкен-Нарын ауданы Новополяковка, Бесуй ауылында 68303 ә/б қызметшілері су өткізу құрылыстарын тазарту және арық жүйесін тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Алтай ауданында да жұмыстар жалғасуда. Парыгино ауылындағы 68303 ә/б әскери қызметшілерінің күшімен су өткізу құрылыстары мен арық жүйесін тазартуда.

Зубовск кентінде Бұқтырма, Зеленка, Березовка өзендерінің мониторингі ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы