Елорда әуежайының жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

2 Сәуір 2024, 16:14
345
Бөлісу:
Елорда әуежайының жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
Фото: "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" баспасөз қызметі

Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды. Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды, - делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде «Emirates», «British Airways» әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 

Еске салсақ, 2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді. 2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы