Түркістандық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына келді

2 Сәуір 2024, 17:54
398
Бөлісу:
Түркістандық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына келді

Түркістандық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар тобы еліміздің Солтүстік өңірлеріне көмектесу үшін жолға шыққан болатын. Атап айтсақ, Түркістан өңірінен 54 құтқарушы, 14 техника жіберілді. Одан өзге 15 мотопомпа, 2 қайық, 16 портативті радиостанция, 2 спутниктік телефон, 5 шатыр, 50 төсек автономды жұмыс істеуге толық дайын. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созды.

Түркістандық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына келді

Бүгін құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына барып, қарғын судың алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті. Кәсіби мамандардан құралған топ тасқын қаупі жоғары Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тайынша және Тимирязев аудандарында жұмыс жүргізеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда құтқарушылар су тақынының алдын алу және бақылау жұмыстарын атқарып жатыр, - деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы