Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді

2 Сәуір 2024, 19:53
382
Бөлісу:
Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Елордада осы жексенбі яғни, 7 сәуір күні «Астана Триатлон» саябағында қаланың әрбір тұрғыны мен қала қонақтары қатыса алатын 5 шақырым қашықтыққа жүгіру және де балаларға арналған 400 м мен 1 км қашықтықтағы көктемгі жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Astana Run» көктемгі жүгіру жарысы 5 шақырым қашықтыққа созылып, 4 кезең бойынша өтеді. Яғни алдағы жаз, күз және қыс айларында.

Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді

Жарысқа қашықтықты еңсеруге қабілетті келесі жас санаттарында қатысуға барлық ниет білдірушілер (ерлер мен әйелдер) шақырылады.

  • 18-29 жас,
  • 30-39 жас,
  • 40-49 жас,
  • 50-59 жас,
  • 60 және одан жоғары.
Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді

Балалар жарысы келесі жас санаттары арасында өткізіледі:

  • 3-9 жас (400 м);
  • 10-17 жас (1 км).
Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді

Қазір «Astana Run» көктемгі жүгіру жарысына қатысуға тіркеу жабық, ұйымдастырушылар жарысқа дайындықтың соңғы кезеңіне жетті.

Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді

Әрбір кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлық жас санаттарындағы ерлер мен әйелдер арасында үздік нәтиже бойынша анықталады. Олар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді

Жарыс туралы толық ақпарат www.astanatriathlon.kz сайтында орналастырылған, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің әлеуметтік желілерінің аккаунттарында instagram: @astana_triathlon.

Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді
Өзгелердің жаңалығы