Ақмолада ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі барымташы ұсталды

2 Сәуір 2024, 17:22
308
Бөлісу:
Ақмолада ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі барымташы ұсталды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ақмола облысының прокуратурасының үйлестіруімен мал ұрлаушылар ұсталып, сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астрахан ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат ұсталды.

Бұл адамдар бірнеше ай бойы облыс аумағында болып, күндіз жайылымда малды бақылап, түнде қораларға, қашаларға кіріп, малды ұрлап жүргені анықталды. Бұл адамдардың заңсыз әрекеттерінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шекті. Аудандық сот бұл тұлғаларды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді, - делінген Ақмола облысының прокуратурасы хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, мал ұрлығы - ауылдық мекендер үшін бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі саналады. Оған қарсы облыстың барлық құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы