ҚР СІМ Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды

2 Сәуір 2024, 23:24
379
Бөлісу:
ҚР СІМ Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды
Фото: ҚР СІМ

ҚР СІМ баспасөз қызметі дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия астанасы Дамаск қаласындағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды. Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер дипломатиялық және консулдық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады, – деп жазылған ҚР СІМ хабарламасында.

Айта кетсек, Израильдің әуеден жасаған шабуылы барысында Иранның Дамаскі қаласындағы консулдық ғимараты толығымен қирап қалғаны, құрбандар бар екені хабарланған болатын. Бұл ретте Иран елшісі Хусейн Акбари мен оның отбасы зардап шекпегені нақтыланды.

Өзгелердің жаңалығы