Қостанай облысында табиғи апатпен күрес жалғасып жатыр

2 Сәуір 2024, 15:45
377
Бөлісу:
Қостанай облысында табиғи апатпен күрес жалғасып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Су тасқыны кезінде облыста 1276 адам, оның ішінде 408 бала құтқарылды, оның ішінде 553 адам әуе жолымен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Уақытша орналастыру пункттерінде 202 адам бар.

Сумен күреске Қостанай облысы ТЖД мен ЖАО 534 адам күштері мен құралдары жұмылдырылды, құтқарушыларға көмекке Қызылорда облысы ТЖД және Қарағанды қаласы ТЖМ 52859 әскери бөлімінің еріктілері, полиция қызметкерлері, әскери және қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланы көмекке келді. 

Қостанай облысында табиғи апатпен күрес жалғасып жатыр

Қазавиақұтқаруды Арқалық қаласында адамдарды эвакуациялау үшін 1 әуе кемесі (МИ-875) және жеке құрамның 2 адамы келді. Өткен тәулікте ҚР ҰҚК және ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы