"Шығын 591 млн теңге". Еуропадан әкелінген көліктер жалған құжатпен тіркелген

2 Сәуір 2024, 09:41
296
Бөлісу:
"Шығын 591 млн теңге". Еуропадан әкелінген көліктер жалған құжатпен тіркелген
Фото: скриншот

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеу үшін төлемсіз заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекетке келтірілген шығын 591 млн теңгені құрайды. Республика бойынша басталған ауқымды тексеру аясында Қостанай облысының бірқатар тұрғыны 2020-2023 жылдар аралығында Еуропадан Қазақстан аумағына шет мемлекеттердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көлік тіркемелерін әкелгені анықталды. Бұл бастапқы тіркеу төлемін 7 млн теңгеден 700 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралар мен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленді. Сот санкциясымен жоғарыда аталған көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі. 

Өзгелердің жаңалығы