Министр: Астана іргесіндегі елді мекендерде су тасқыны болуы мүмкін

2 Сәуір 2024, 11:21
1000
Бөлісу:
Министр: Астана іргесіндегі елді мекендерде су тасқыны болуы мүмкін
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астананың маңындағы елді мекендерде су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана су қоймасына 26-30 наурыз аралығында 150 млн текше метр су түсті.  Бұл су тасқыны кезінде орташа көп жылдық түсімнен едәуір асып отыр.  Астана су қоймасынан судың төгілуін болдырмау үшін 29 наурызда Есіл өзенінің арнасын жуу үшін төменгі бьефке су жіберу жүзеге асырылды. Қарағанды облысында орналасқан Самарқанд су қоймасы бүгінгі таңда 100% толған. Ұлытау облысында орналасқан Шерубай – Нұра су қоймалары бүгінгі таңда 96% толған. Самарқанд және Шерубай – Нұра су қоймаларынан тасталған және төмен жағынан қосылатын бүйірлік ағындарын есепдегенде Нұра өзені арқылы Преображен су торабына шамамен 4 сәуір айына 2500 м3/сек су ағыны күтілуде, - деді ведомство басшысы.

Министр Қошқарбаев, Қосшы, Тайтөбе елді менкендерін су басу қаупі төніп тұрғанын айтты. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар тиісті шараларды қамтамасыз ету керегін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы