Все новости за 30 наурыз 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Саясат Нұрбек Беларусь Республикасының елшісімен кездесті
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды отандық кәсіпкерлер іске асыруы тиіс - Баталов
Елордада «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов және Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қала кәсіпкерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Африкада Наурыз мерекесі тойланды
Африка одағының астанасында Наурыз мерекесі Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінің жанындағы «Абай» мәдени орталығында атап өтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті
Елордада Халықты жұмыспен қамту орталығы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
ШҚО-да терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр
Шығыс Қазақстан облысы аумағында 27-31 наурыз аралығында терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сирек кездесетін дертпен туған бүлдіршінге күрделі ота жасалды
Алматыда сирек кездесетін ауыр дертпен туылған бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбенің су басқан аумақтарынан 116 адам эвакуацияланды
Оның ішінде 44 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Семейде 1 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді
Биыл 1 сәуірден бастап Абай облысында абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық екі айлық өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда курсантарды әскери-спорттық ойындарға іріктеу басталды
ТМД елдерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында II әскери-спорттық ойындарға іріктеу бойынша шаралары Құрлық әскерлерінің әскери институтында ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2 мыңнан астам адам жаңа бизнес бастайды
2 мыңнан астам адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда 70 газ нысанының құрылысы аяқталды
2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 833 елді мекеннің 465-і табиғи газбен қамтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбылда шетелдік 3638 көлік заңдастырылды
Жамбыл облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заманауи педагогтерді даярлау жөнінде ведомствоаралық кеңес құрылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі заманауи педагогтерді даярлау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес құрды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарулы күштердің ақпараттық-түсіндіру тобы Қостанайда кездесу өткізді
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі полковник Бисен Жақыповтың басшылығымен Тобыл, Қостанай қалаларында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарлық оқушылар шетел мультфильмдерін қазақша дыбыстап жүр
Екібастұз қаласында еліміздегі тұңғыш балалар дубляж студиясы ашылды, мұнда оқушылар шетелдің танымал мультфильмдерін өздігінен қазақшаға аударып, дыбыстайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды
Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Омбылық қазақтар ана тілін пән ретінде енгізуге сауалнама жүргізді
«Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымы Омбы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде «қазақ тілін» ана тілі ретінде меңгеру қажеттілігін айқындау мақсатында қаладағы бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ oq.gov.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астанада «Жүздің бірі – шешен» интеллектуалды сайысы өтті
Бұл сайысқа кез келген қызығушылық танытқан адам, яғни еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қатыса алды. Жобада жалпы 300-ден астам адам бақ сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірқатар ел басшылары Президентті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ғылым қайта жанданады – ғалым
ҚР ҰҒА академигі, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы Ұлттық Ғылым академиясының мемлекеттік мәртебе алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда салмағы бір келіге жетпейтін шақалақтың жүрегіне ота жасалды
Астаналық кардиохирургтер павлодарлық дәрігерлермен бірлесіп, салмағы бір келіге жетпейтін шақалақтың жүрегіне операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
-
Ердоған Тоқаевқа алғыс хат жіберді
Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қарағандыда жол ережесін бұзудың мыңнан астам дерегі тіркелді
Қарағанды облысында полицейлер жол-жүру ережесін бұзудың мыңнан астам дерегін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Пробация есебіндегі азамат қайтарымсыз грант ұтып алды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаллеки театры Алматыға гастрольдік сапармен барады
Алматы қаласында 2-8 мамыр күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік сапары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кітапхана қызметкерлері Түркияда біліктілігін арттырады
Мәдениет және спорт министрлігі кітапхана қызметкерлерін Түркияда оқытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттің азаматтық авиация нарығына қатысуы төмендетілуі мүмкін
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенаторлар мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы жаңалықтарды талқылады
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы жаңалықтар» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Глубокое ауданында бүтін бір отбасы уланып қала жаздады
ШҚО Глубокое ауданында екі баласы бар ер адам үйдегі пешінің ақауы салдарынан көміртегі тотығымен уланып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Педагогтерге арналған байқау сынақтарының базасы жаңартылды
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы педагогтерге арналған тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ҒБЖМ Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
-
Суық тиіп, ішімдік іштім деген ауыл әкімі жұмыстан қуылуы мүмкін
Бұл жағдайды облыстық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жамбылда екі жасөспірім 2-сынып оқушысын зорлаған
2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетіне апарып, 2015 жылғы ұл баланы қорлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Әкімдік Жетібайда аштық жариялаған тұрғындарға жауап берді
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында 27 наурызда басталған 50-ге жуық адамның наразылық шарасы әлі жалғасып жатыр. Осы оқиғаға қатысты Қарақия ауданының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
-
Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді?
24 наурыз күні ҚР Премьер-Министрінің қаулысына сәйкес Ұлттық пантеонға жерленетін еліміздің көрнекті тұлғаларының тізімін қайта қарау туралы жоба жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада кеңейтілген педагогикалық кеңес өтті
Елордада Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – Ұлт болашағы» атты қалалық бірыңғай педагогикалық кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда монша өртенді
ТЖД күштері келгенге дейін әкімшілік 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда екі жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті
Қарағанды облысының Саран қаласында 2020 жылы туған қыз бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Қыздың жағдайы ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейді
Ертіс өңірінде ауыр жүк тасымалдайтын көліктердің қозғалысы жіті бақыланатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
-
Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі
Бүгін Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтуі керек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
AgriTek/FarmTek Astana – 2023 көрмесі өтіп жатыр
Елордада AgriTek/FarmTek Astana – 2023, XVIII Халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Үкімет 30 жыл бойы импортты қолдап келе жатыр - Әжібаева
Үкімет 30 жыл бойы импортты қолдап келе жатыр. Бұл туралы Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының президенті Жібек Әжібаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда депутаттық корпус 66,7%-ға жаңартылды
Алматы қаласының мәслихатының жаңа депутаттық корпусы жұмысқа кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Артыңнан 2-3 адам тірке. Қаржы пирамидаларының құрсауына түспеу үшін не істеу керек?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қаржы пирамидаларына қалай алданып қалмауға керегі айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбенің Қарғалы ауылында 10 саяжай учаскесі су астында қалды
Қазіргі уақытта құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның саяси жүйесі жаңартылды – сарапшы
Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әлішер Тастенов Мәжілістің VIII шақырылымы, партиялық жүйенің кең өкілдігімен ерекшеленетінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
3 қаржы пирамидасына қатысты істер сотқа жолданды
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысы Өмірсерік Тажмағанбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүмкіндігі шектеулі жандарға салық заңсыз есептелген - Бас прокуратура
Елорда прокуратураcы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын бұзуды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азаматтар финпирамиданың белгілерін телеграмнан тексере алады
Азаматтар финпирамиданың белгілерін Telegram-бот арқылы тексере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зардап шеккендердің арызын күтпей-ақ финпирамидалар анықталады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанға бидайды көлікпен әкелуге тыйым салынбақ
Контрабандамен күрес мақсатында АШМ Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бес күн бұрын жоғалған оқушының мәйіті судан табылды
Бес күн бұрын із-түссіз жоғалған оқушы қыздың мәйіті судан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz.
-
Кочетов ШҚО тұрғындарымен кездесті
Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Глубокое ауданындағы отбасылар мен жастарға арналған әлеуметтік, салалық кездесулер өткізіп, өңір тұрғындарына отбасылық-гендерлік және жастар саясатын дамыту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Креслодан тұрып, халықпен жұмыс істеу керек – Ардақ Назаров
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін жаңадан сайланған депутат Ардақ Назаров халықтың жағдайын жақсы білетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Премьер-министр қандай жұмыстарды атқаратынын айтты
Мәжілістің жалпы отырысында сайланған жаңа Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халықтың әл-ауқатының төмендігіне Үкіметтің әлсіз саясаты кінәлі – ЖСДП
Халықтың әл-ауқатының төмендігіне Үкіметтің әлсіз саясаты кінәлі. Мұндай пікірді Мәжілістің жалпы отырысында ЖСДП фракциясының мүшесі, депутат Нұрлан Әуесбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент: Суды барынша үнемдеу керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында суды барынша үнемдеу керегін тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуды тапсырды
Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев меморгандардың жұмысын сынады
Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың жұмысын сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала 1-cыныпқа барады
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Инфляцияны екі есеге төмендету керек – Тоқаев
Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны екі есеге төмендету керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлихан Смайылов қайтадан Үкімет басшысы болды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оппозициялық партия Смайыловтың кандидатурасына қарсы болды
Жалпыұлттық социал демократиялық партия Премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын сайлауға қарсы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент: Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет стратегиялық бағдарымызды жүзеге асыра отырып, қандай мәселелерге баса мән беруге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды.
-
Үкімет пен Парламент халықтың әл-ауқатын арттыру үшін күш-жігерін жұмылдыруға тиіс – Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ел экономикасы 3,2 пайызға өсті. Президент Үкіметтің жұмысы туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев фракция басшыларымен кеңесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматының теміржол вокзалдары ҚТЖ-ға беріледі
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Көлік құрылысы» бойынша алғашқы PhD докторы дәрежесі берілді
Докторлық дәрежені «ҚазжолҒЗИ» АҚ және «Қазақ автомобиль-жол институты» өкілдері алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
МӘМС: Төлем жасаған кезде ескеретін топ-10 жағдай
Жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлем жасаған кезде ескеретін топ-10 жағдай анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Инклюзивті спорт. Қазақстан Халықаралық бочча федерацияның құрамына енді
Қазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – Халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰЭМ өкілдері Швейцариядағы өңірлік форумға қатысты
Қазақстан делегациясы Швейцариядағы БҰҰ ЕЭК Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік форумға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгінгі күннің валюта бағамы
Ұлттық банк 30 наурызға арналған валюта бағамдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Байден Ресейге қарсы санкцияларды ұзартты
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-қа кибершабуыл жасады деген күдікпен Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«TikTok-та» онлайн құмар ойынын ұйымдастырған алматылық сотталды
Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 млн теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иманбек алтын дискін қайырымдылық қорына сыйлады
Grammy иегері Иманбек Зейкенов «100 отбасы мен 500 бала» жобасына өз үлесін қосуға ниет білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда дәмхана өртенді
Алматыда Розыбакиев көшесі бойындағы кафе өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Риддерде көпсалалы аурухана кешені бой көтереді – ШҚО
Биыл Риддерде көпсалалы аурухана кешені бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Каспийдегі итбалықтар саны 311 мыңға жуықтады
Каспийдегі итбалықтар саны 300 мыңнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматыда шетелде тіркелген көлік жүргізушілері 9 мың рет жол ережесін бұзған
Алматыда шетелде тіркелген көлік жүргізушілері 9 мың рет жол ережесін бұзған. Оларға 26 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?
«Қазгидромет» РМК 30 наурызда 4 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін екендігін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасымен 7 спорт алаңы салынады
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласында бірқатар әлеуметтік нысандардың салынуына сеп болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістан мен Қазақстан арасындағы машина жасау саласы ұлғаяды
Кеше Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) бірлесіп Үндістан мен Қазақстан арасында машина жасау тауарлары мен қызметтері нарығын дамыту бойынша Бизнес-конференция ұйымдастырды, , деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
-
Лондонда робот өзенді қоқыстан тазартады
Лондонда Темза өзенін пластик қоқыстардан робот-акула тазалайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбылда 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті мен өңір прокуратурасының бірлескен жұмысының нәтижесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда мас әйел 7 жыл көлік жүргізбейтін болды
Павлодарда мас әйел 7 жыл көлік жүргізбейтін болды. Материал сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген
2013 пен 2021 жылдардың аралығында Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген. Оның 59-ы кері қайтарылды. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға берілген 500-ге тарта баспана заңдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматы әкімдігі тағы бір тұрғын үй кешенінен пәтер алуға болмайтынын атады
Алматы әкімдігі тұрғын үй кешендерінің тізімі толықтырылғанын айтты. Оның қатарына Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша интернет-ресурстарда DEMEU Residence ТК-де, құрылыс салушы – Demeu Development-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланды.
-
Жамбыл облысында ауыл әкімін пышақтап кетті
Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінің әкімін пышақтап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наверх