Халықтың әл-ауқатының төмендігіне Үкіметтің әлсіз саясаты кінәлі – ЖСДП

30 Наурыз 2023, 12:31
911
Бөлісу:
Халықтың әл-ауқатының төмендігіне Үкіметтің әлсіз саясаты кінәлі – ЖСДП
Фото: inbusiness.kz

Халықтың әл-ауқатының төмендігіне Үкіметтің әлсіз саясаты кінәлі. Мұндай пікірді Мәжілістің жалпы отырысында ЖСДП фракциясының мүшесі, депутат Нұрлан Әуесбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кездесуде көтеріліп отырған мәселе өте маңызды. Тағдыр шешіледі десек те болады. Сөз жоқ, Сіздің 30 жыл бойы әбден былыққа батқан жүйені өзгертем деген құлшынысыңызды көріп отырмыз. Оны енді жүзеге асыратын – мемлекеттік аппарат. Оның ішінде Үкімет екені анық, - деді оппозиция партиясының депутаты.

Әуесбаев болашақ Үкіметтің алдына 29 наурызда Президент ауқымды міндеттер қойғанын еске салды.

Халықтың әл-ауқатының төмендігіне Үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты кінәлі екеніне көзіміз жетті. Ал енді бүгін тағы да «аманаттықтар» өз көпшілігін көрсетіп, ұсыныс беріп отыр. Әрине, Парламенттік оппозиция ретінде біз бұл ұсынысқа (Премьер-министрдің кандидатурасына – ред.) қарсымыз, - деп сөзін түсіндіді ЖСДП фракциясының мүшесі, депутат Нұрлан Әуесбаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұған дейін ЖСДП Смайыловтың кандидатурасына қарсы шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы