Ақтөбенің су басқан аумақтарынан 116 адам эвакуацияланды

30 Наурыз 2023, 21:13
839
Бөлісу:
Ақтөбенің су басқан аумақтарынан 116 адам эвакуацияланды
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Оның ішінде 44 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Қазіргі уақытта Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарында Ақтөбе облысы ТЖД күштері мен құралдары саяжай учаскелерінен алдын ала 116 адамды, оның ішінде 44 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнындағы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдардың, құтқару бөлімшелерінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Ақтөбенің су басқан аумақтарынан 116 адам эвакуацияланды

Даладағы қар еріп Жаман Қарғалы өзенінің арнасын толтырды және ауа райының жылы болуына байланысты бүгінде осы өзендегі су деңгейі көтерілді. Қазір біз судың үйге кіруіне жол бермеу үшін барлық қажетті шұғыл шараларды жүргізіп жатырмыз, - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков.

Полиция органдары қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырды.

Ұлттық ұланның күшімен үй маңындағы аумақтарға инетті материал салынған 300 қап төселді.

Ақтөбе қаласының әкімдігі 3 уақытша эвакуациялау пунктін ашты, онда 87 адам, 29 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 30 наурызда Қарғалы өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарында саяжай учаскелері су астында қалды.

Өзгелердің жаңалығы