Жамбылда шетелдік 3638 көлік заңдастырылды

30 Наурыз 2023, 20:12
718
Бөлісу:
Жамбылда шетелдік 3638 көлік заңдастырылды
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары  жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік көліктерді  заңдастыруға өтініш халыққа қызмет көрсетудің барлық орталықтарында, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қабылданады.

Pаңдастырудың негізгі критерийлеріне көлік құралының сәйкестігін ақпараттық жүйелер бойынша тексеру процесі толық автоматтандырылған.

Шетелдік көліктерді заңдастыру нәтижелері бойынша Жамбыл облысында 3638 автокөлік тіркелген. Бүгінгі таңда ең көп тіркелген Қырғызстаннан әкелінген көліктер, жалпы саны  2458-ді құрап отыр. Ал Ресейден - 820, Армениядан-325, Грузиядан -31, БАӘ-ден - 2 және Корея мен Беларуссиядан бір- бір көліктен әкелінген, - делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз хабарламасында.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру процесі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы