Қаллеки театры Алматыға гастрольдік сапармен барады

30 Наурыз 2023, 18:03
1336
Бөлісу:
Қаллеки театры Алматыға гастрольдік сапармен барады
Фото: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

Алматы қаласында 2-8 мамыр күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік сапары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гастрольдік сапар аясында Қаллеки театрының репертуарындағы үздік қойылымдар қойылады.

Атап айтқанда Т.Әсемқұловтың «Құнанбай» драмасы (режиссері – Б.Ұзақов), М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы (Режиссері – О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина), О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы (режиссері – Б.Сұлтанғазы), Халифа Алтай, Хасен Оралтайдың «Алтайдан ауған ел» қойылымы (режиссері – Ф.Молдағали), А.Менчеллдің «Сен маған керексің» трагикомедиясы (режиссері – Ұ.Қарыпбаев), Н.Гәнжәуидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (Б.Абдураззаков), Ғ.Мүсіреповтің «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы (режиссері – Г.Балпейісова), С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы (режиссері – Б.Ұзақов), Р.Мұқанованың «Бопай ханым» (режиссері – Ж.Жұманбай) тарихи трагедиясы  Алматы көрермендеріне ұсынылады. 

Қаллеки театры Алматыға гастрольдік сапармен барады
Қаллеки театры Алматыға гастрольдік сапармен барады
Өзгелердің жаңалығы