Семейде 1 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді

30 Наурыз 2023, 21:01
1049
Бөлісу:
Семейде 1 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді
Фото: Егемен Қазақстан

Биыл 1 сәуірден бастап Абай облысында абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық екі айлық өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау және облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес, қалалық сенбіліктер мен екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу күндерінде кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық және кооперативтік ұйымдардың барлық басшылары және қала тұрғындары бөлінген және бекітілген аумақтарда санитарлық тәртіп орнатуға белсенді қатысуға және мынадай жұмыс түрлерін орындауға міндетті: 

- қоқысты (полиэтилен пакет, бөтелкелер және т. б.), сусымалы материалды (шлак, құм, саз, қиыршық тас) шығаруды ұйымдастыру; 

- қоршауларды, қақпаларды, есіктерді бояу; - ағаштарды, қоршауларды, жертөлені ағарту; 

- қоқысты шығару бойынша шарт жасасу. 

Сенбілікті сапалы өткізу, санитарлық тәртіп орнату мақсатында Семей қаласы 14 секторға бөлінген. Әр сектор әкімдіктің дербес бөліміне бекітілген. 

Сонымен қатар жеке меншік иелері, барлық меншік нысандарының басшылары (ЖШС, ЖК және т.б.), сондай-ақ гараждар, үйлер, саяжайлар, бау-бақша кооперативтерінің төрағалары аумақты тазалаумен айналысуы керек. 

ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау фактілері орын алған жағдайда - жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Шағын кәсіпорын субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 

ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың, саябақтардың, скверлердің ластануы, оның ішінде белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтарды тастау салдарынан – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықты рұқсатсыз қалдырғандардың фотосуретін, бейнематериалдарын түсіріп, сенім телефонымызға жіберсе, жергілікті полиция қызметі құқық бұзу фактісін анықтаса, біз экологиялық жауапты тұрғындарды сәйкесінше ынталандыруға дайынбыз. Біз қоршаған ортаны сақтауға бар күшімізді салып, жұмылдырамыз деген сенімдемін, - деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 28 наурызында Рысқұлов көшесінде осындай бұзушылық фактісі анықталған болатын. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, көлік құралын басқарған КамАЗ автомашинасының жүргізушісі шатырсыз жүктің құламауын қамтамасыз етпеген, соның салдарынан оған тиісті органдар айыппұл салған.  

Өзгелердің жаңалығы