Оппозициялық партия Смайыловтың кандидатурасына қарсы болды

30 Наурыз 2023, 11:48
693
Бөлісу:
Оппозициялық партия Смайыловтың кандидатурасына қарсы болды
Фото: el.kz

Жалпыұлттық социал демократиялық партия Премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын сайлауға қарсы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын талқылап жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдаған болатын. Мемлекет басшысына AMANAT партиясының атынан жаңа Премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылғанын еске сала кетейік.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылайды.

Өзгелердің жаңалығы