ШҚО-да терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр

ШҚО-да терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр
472

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 27-31 наурыз аралығында терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Оқу - жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталуда.

Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.

Мәселен, бүгін облыс орталығының тұрғындары әлеуметтік желіде Протозанов көшесі, Шәкәрім даңғылы және басқа да бірқатар аудандарда шектеу енгізілгенін жазды.

Облыс тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы