Бес күн бұрын жоғалған оқушының мәйіті судан табылды

30 Наурыз 2023, 13:13
946
Бөлісу:
Бес күн бұрын жоғалған оқушының мәйіті судан табылды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Бес күн бұрын із-түссіз жоғалған оқушы қыздың мәйіті судан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz.

 Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 28 наурыз күні қыздың канал суына абайсызда құлап кеткені анықталып, іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметкерлері тартылды. Бүгін Арыс каналынан қыздың мәйіті табылып, шығарылды.

Бес күн бұрын жоғалған оқушының мәйіті судан табылды

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Мәйітке сырттай қарау жұмыстары жүргізіліп, бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Түркістан ПБ-на жергілікті тұрғын арызданып, шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қызының үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізген еді. Әйелдің арызы бірден тіркеліп, ПД бастығының тікелей тапсырмасымен із-түссіз жоғалған қызды табуға жеке құрам жұмылдырылды. Полиция бірнеше күннен бері, күндіз-түні Інжу Ескерместі іздеді. Көмекке қала тұрғындары, еріктілер, білім ошақтарының ұжымы қосылып, қызметтік иттер, дрондар қолданылды. Кейіннен ЖБО-на қосылған бейнежазбаларды зерделеу барысында оқушының аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды. Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғаны, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғаны анықталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы