Ел экономикасы 3,2 пайызға өсті. Президент Үкіметтің жұмысы туралы айтты

30 Наурыз 2023, 11:35
948
Бөлісу:
Ел экономикасы 3,2 пайызға өсті. Президент Үкіметтің жұмысы туралы айтты
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің күн тәртібінде Премьер-министрлің кандидатурасы талқыланады.

Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Үкіметтің атқарған жұмысына тоқталды.

Тоқаев атап өткендей, Конституцияның 70 бабына сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. 

Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті, - деді Президент Мәжілістің жалпы отырысында.

Тоқаев халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақытылы және толығымен орындалғанын атап өтті. 

Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек, - деп түсіндірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы