Глубокое ауданында бүтін бір отбасы уланып қала жаздады

30 Наурыз 2023, 17:25
721
Бөлісу:
Глубокое ауданында бүтін бір отбасы уланып қала жаздады
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО Глубокое ауданында екі баласы бар ер адам үйдегі пешінің ақауы салдарынан көміртегі тотығымен уланып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 28 наурызда Глубокое ауданының, Глубокое кенті, 2-ші Кірпіш көшесінде жеке тұрғын үйде көміртегі тотығымен уланып, 1998 жылы туған үйдің қожайыны және оның 2018 жылғы қызы мен 2020 жылғы ұлы медициналық мекемеге жатқызылды. 

Глубокое ауданында бүтін бір отбасы уланып қала жаздады

ШҚО ТЖД мамандары болған оқиғаның мән-жайын анықтады.

Бұл жағдай үй иелері 2023 жылдың қаңтарында құтқарушылар алдын ала жүргізген профилактикалық рейд кезінде берген ұсыныстар мен нұсқаулықтарға қарамастан, жарықтары бар пешті пайдаланудың салдарынан болды. ШҚО ТЖД құтқарушылары көміртегі тотығымен улану мен тұрғын үйдегі өрттің алдын алу үшін биылғы жылдың басынан бері 36 000-нан астам тұрғын үйді аралап, күн сайын өңірде 68 000-ға жуық тұрғынға нұсқау таратты, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, үйлерде көбінесе мұржаларды уақтылы тазаламау, пештерде жарықтардың болуы, желдетудің нашарлығы салдарынан оқыс оқиғалар болып жатады.

ШҚО ТЖД халыққа пешті сауатты, ең бастысы қауіпсіз пайдалануды ұсынады. Пеш 3 айда кемінде 1 рет тазартылуы тиіс.

Глубокое ауданында бүтін бір отбасы уланып қала жаздады

Өлшемі кемінде 50-ден 70 см-ге дейін металл (пешке дейінгі) тақташа орнатылуы тиіс.

Пешті жылыту кезінде рұқсат етілмейді:

 1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балаларға қадағалауды тапсыруға;
 2) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
 3) пештерді қыздыруға;
 4) пеш пен түтін мұржаларының бетінен 0,5 м кем қашықтықта жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) кептіруге;
 5) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды пайдалануға;
6) желдету және газ құдықтарын түтін мұржалары ретінде пайдалануға;
 7) ақаулары мен жарықтары бар пештерді пайдалануға.

Өзгелердің жаңалығы