Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді?

30 Наурыз 2023, 16:25
829
Бөлісу:
Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді?
Фото: aikyn.kz

24 наурыз күні  ҚР Премьер-Министрінің қаулысына сәйкес Ұлттық пантеонға жерленетін еліміздің көрнекті тұлғаларының тізімін қайта қарау туралы жоба жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта Пантеон аумағында мынадай тұлғалар жерленетіндігі көрсетілген:

• Қазақстан Президенттері;
• Қазақстан премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, 
• Парламент палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, 
• Мемлекеттік кеңесшілер,
• Президент Әкімшілігінің басшылары, 
• Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың және Ұлттық Банктің төрағалары;
• Министрлер,
• Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, 
• Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;
• «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ер» атақтарына ие болған тұлғалар;
• «Алтын Қыран», «Отан», «Еңбек Даңқы» ордендерімен үш дәрежелі наградталған азаматтар;
• «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек ері» атақтарына ие болған азаматтар;
• «Қазақстанның ғарышкер-ұшқыш» құрметті атағына ие болған азаматтар;
• Президенттің ерекше шешімі бойынша басқа азаматтар.

Пантеонға жерленетін адамдардың ерлі-зайыптылары да жерленуі мүмкін екендігі атап өтілді.

Ұлттық пантеон Астанадан 17 шақырым жерде, Қабанбай батыр ауылының маңында орналасқан.

Пантеон мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды жерлеу үшін Қабанбай батыр кесенесінің айналасына тұрғызылған.

Өзгелердің жаңалығы