Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды

30 Наурыз 2023, 10:34
1195
Бөлісу:
Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды. 
 

Өзгелердің жаңалығы