Үкімет 30 жыл бойы импортты қолдап келе жатыр - Әжібаева

30 Наурыз 2023, 14:49
2110
Бөлісу:
Үкімет 30 жыл бойы импортты қолдап келе жатыр - Әжібаева
Фото: автордан

Үкімет 30 жыл бойы импортты қолдап келе жатыр. Бұл туралы Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының президенті Жібек Әжібаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда нарықта импорттың үлесі 80 пайызға жетті. Ол «Қазақстанда жасалған» жобасының шала екенін айтты. 

2022 жылдың аяғында Үкімет «Қазақстанда жасалған» атты бағдарламаны қабылдады. Биыл бұл бағдарлама іске асуға тиіс. Отандық өндірушілерге арналған жобаны естігенде қуанып қалдық. Алайда, оны қолға алғанымызда бағдарлама тек екі бөлімнен тұрды. Олар сертификаттау (куәландыру) және техникалық стандарт. Мұндай құжат жұмыстарын жүргізуіміз үшін біз өнімімізді шығаруымыз үшін заңнамалық тұрғыда реттеу керек, содан кейін ғана бізді сертификаттаудан өткізеді. Біздің ойымызша, бұл жобаның басы жоқ. Өйткені біз шетелден келетін өнімдерге бәсекелестік танытуымыз керек, - деді Жібек Әжібаева. 

Үкімет 30 жыл бойы импортты қолдап келе жатыр - Әжібаева

Әжібаеваның түсіндіруінше, әрбір ведомство өз заңдарын шығарады. Ал ол жерде кәсіпкерлердің мүддесі көзделмейді. Экспортқа тауар тасымалдайтын азаматтар көптеген кедергіге ұшырайды. Ал азық-түлік тасымалдайтын теміржол вагондары да аз. Сонымен қатар еліміздегі әрбір тауар сақтайтын қойма өз бағасын, көлік логистика өз бағаларын қояды. Өйткені өзара тұрақты келісім жоқ. Оларды тасымалдағанның өзінде - бұл өнімнің қымбаттауына әкеледі.  

Мәселен, сүт өнімі. Отандық өнімнің үлесі - 20 пайыз. Ал қалғаны көбіне Беларусь пен Ресейден әкелінеді. Ең сорақысы, ол өнімдерге «Айналайын» деп қазақша ат тағып қояды. Ал шын мәнінде, бұл біздің өніміміз емес. Енді бұл мәселенің алдын алу үшін ең алдымен, Үкіметтің қолдауы болуы керек. Бүгін біз өз тарапымыздан тағы бір ұлттық бағдарламаны ұсындық. Оның мақсаты – министрден бастап, бүкіл саланың отандық өндірушілерінің басын қосу. Онда арнайы жоба талқыланып, кәсіпкерлеріміздің жолын жеңілдету тетіктері қарастырылса дейміз. Былайша айтқанда, «біз мынаны жасадық, енді мынандай ұсыныс бар» дейтін сөзімізді естіп, құлақ асатын Үкімет болғанын қалаймыз, - деді Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының президенті. 

Үкімет 30 жыл бойы импортты қолдап келе жатыр - Әжібаева

Әжібаева отандық өндірушілерге арналған арнайы тариф белгіленуі керек дейді. 

Бүгінгі жағдайда отандық өндірушілерге біз мүлдем қолдау жоқ демейміз, алайда өте аз. Біз 30 жылда бизнесіміз орта буынға жетіп қалу керек еді. Бірақ әлі мүгедекпіз. Өйткені шетелдік өнімдер нарықты басып кеткен. Оларға жеңілдік көп. Екіншіден, біздің мемлекет шетелдік компаниялармен келісімге келген кезде өз тарапын елемейді, қорғай алмайды, - деді ол 

Өзгелердің жаңалығы