Азаматтар финпирамиданың белгілерін телеграмнан тексере алады

30 Наурыз 2023, 13:42
685
Бөлісу:
Азаматтар финпирамиданың белгілерін телеграмнан тексере алады
Фото: otyrar.kz

Азаматтар финпирамиданың белгілерін Telegram-бот арқылы тексере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов мәлімдеді.

Жыл басынан бері Интернет-ресурстарды тексеру бойынша Telegram-бот - @BAIQApiramidaBOT іске қосылды. Енді біздің азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілерді финпирамида белгілерінің бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Бұл олардың «алаяқтық» схемаларға араласуына жол бермейді, - деді ол.

Сөзінше, әзірленген жоба сұранысқа ие.

Қысқа уақыт ішінде бот автоматты түрде жауап бергендерді есептемегенде, азаматтардың 2,5 мың өтінішін қарады. Онымен қоса, азаматтарды жаңалықтар, жүргізіліп жатқан жұмыстар және ескерту ақпараттары туралы хабардар ету мүмкіндігін іске асыруды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді Андрей Давыдов.

Өзгелердің жаңалығы