Алматының теміржол вокзалдары ҚТЖ-ға беріледі

30 Наурыз 2023, 11:25
839
Бөлісу:
Алматының теміржол вокзалдары ҚТЖ-ға беріледі
Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түрксіб ауданының тұрғыны «Алматы-1» теміржол вокзалының 50 жылдығына орай, мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізуді өтінді.

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы, мен – ҚТЖ ардагерлер кеңесінің төрағасымын. Менің екі сұрағым бар. Бірінші сұрақ «Алматы-1» вокзалына қатысты. Мұнда жеңіл көлік қозғалысын реттеу керек, кептелістер Шолохов көшесіне дейін жетеді. Сонымен қатар Алматының бірінші вокзалына 50 жыл болады. Сондықтан біз оған кем дегенде шағын жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраймыз, – деді тұрғын.

Қала әкімі Алматыдағы темір жол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға қайтарылатынын айтты.

Біріншіден, екі станция да қала үшін өте маңызды транспорт жүйесі. «Алматы-1» вокзалының жанында алаңды ретке келтіру керек. Менің білуімше, автотұраққа жасауға болатын жекеменшік жер бар. Мен Жер қатынастары басқармасына жалға алу уақыты бойынша тапсырма бердім. Мүмкін сол жерде көп деңгейлі паркингтер саламыз. Бірақ өздеріңіз білесіздер ғой, кептелістер бірінші кезекте такси жүргізушілерінің кесірінен туындайды. Ал вокзалды жөндеу мәселесіне келер болсақ, бүгін біз екі вокзалды «Қазақстан Темір Жолына» қайтару керек деп шештік. Осы бағытта соңғы жұмыстар істеліп жатыр. Менің ойымша, бұл дұрыс. Бір кездері қандай да бір себептермен инфрақұрылымның осы бөлігі алынған. Сондай-ақ менің білуішме, «Қазақстан Темір Жолы» вокзалды жөндеуді ғана емес, оған инвестиция салуды жоспарлап отыр, – деді шаһар басшысы.

Өзгелердің жаңалығы