Алматыда шетелде тіркелген көлік жүргізушілері 9 мың рет жол ережесін бұзған

30 Наурыз 2023, 08:07
993
Бөлісу:
Алматыда шетелде тіркелген көлік жүргізушілері 9 мың рет жол ережесін бұзған
Фото: aikyn.kz

Алматыда шетелде тіркелген көлік жүргізушілері 9 мың рет жол ережесін бұзған. Оларға 26 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының әкімшілік полициясы хабарлауынша, 2023 жылдың 2 айында алдыңғы саптық бөлімшелердің қызметкерлері қала жолдарында ҚР ЖҚЕ бұзудың 49 мың 507 дерегін анықтады, автоматты режимде жұмыс істеп тұрған бақылау-өлшеу техникалық құрылғылары мен құралдары арқылы 127 мың 856 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді.

9 мыңға жуық жол қозғалысы Ережесін бұзу дерегі шетелде тіркелген автокөлік жүргізушілерімен, яғни көршілес мемлекеттердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік жүргізушілері тарапынан жасалған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 26 миллион теңгеден асады. Бұрын хабарланғандай, «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі мен саптағы полиция бөлімшелері осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды анықтауға барынша жұмылдырылған. Біздің міндетіміз – мұндай деректердің алдын алу және осындай сұмдық тәжірибені жою, - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

 

Өзгелердің жаңалығы