Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті

30 Наурыз 2023, 22:19
1021
Бөлісу:
Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті
Фото: elorda.info

Елордада Халықты жұмыспен қамту орталығы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Президент Қ.Тоқаев: «Ел игілігі үшін еңбек еткісі келетін білімді, дарынды азаматтар әр аймақта бар. Оларға жол ашу – мемлекеттің міндеті» деген болатын. Аталған жәрмеңке Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай мемлекеттік аппаратқа бойында көшбасшылық қасиеті бар талапты жастарды тартуды көздейді.

Жәрмеңке барысында Департамент қызметкерлері жастардың жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ, жастарға мемлекеттік қызметке орналасу ережелері таныстырылып, мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесінің пилоттық режимде іске қосылғаны жөнінде ақпарат берілді.

Өзгелердің жаңалығы