Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейді

30 Наурыз 2023, 15:30
876
Бөлісу:
Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейді
Фото: egemen.kz

Ертіс өңірінде ауыр жүк тасымалдайтын көліктердің қозғалысы жіті бақыланатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Рейдтік шараларды көлік инспекциясы, полиция департаменті мен жол сапасы орталығының мамандары бірігіп жүргізеді. Шара барысында мамандар ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейді. Мақсат – тасымалдау барысында салмақтық шектеулердің асып кетпеуін бақылау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралы мен жүктің салмағы 25 тоннадан аспайы тиіс. Десе де, ережені бұзып, 50 тоннаға дейін жүк таситындар баршылық.

«Көліктердің салмағы нормадан асып кетсе, жол жабындысының сапасы төмендейді. Бақылау, әсіресе, су басуы қаупі бар бағыттарда күшейеді. Шектік норманы 20%-азайтамыз. Заңбұзушылықтар үшін салынатын айыппұл көлемі аз емес. Сондықтан, жүргізушілердің жауапкершілігі жыл сайын артып келеді. Рейд барысында түсіндіру жұмыстарын қатар жүргіземіз», - дейді жол сапасы орталығының өкілі Қуат Нұрмағамбетов. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы габариттік және салмақтық ережелерді бұзу бойынша 67 материал құрылды. Салдарынан жүргізушілерге 9 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Ал соңғы уақытта тағы 32 хаттама толтырылған. 

Өзгелердің жаңалығы