Ақтөбенің Қарғалы ауылында 10 саяжай учаскесі су астында қалды

30 Наурыз 2023, 14:08
839
Бөлісу:
Ақтөбенің Қарғалы ауылында 10 саяжай учаскесі су астында қалды
PHOTO
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 29 наурызда Ақтөбе қаласының Қарғалы бау-бақша ұжымын су басуына жол бермеу мақсатында Қарғалы өзені арнасының бойындағы 3 саяжай үйде құм толтырылған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді.

Ақтөбенің Қарғалы ауылында 10 саяжай учаскесі су астында қалды

Осы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық ұлан күштерінен 34 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар алдын ала 13 адамды, оның ішінде 4 баланы Олимпиадалық резервті дайындау орталығына эвакуациялады.

Ақтөбенің Қарғалы ауылында 10 саяжай учаскесі су астында қалды

Сол күні құтқарушылар «Солнышко» бау-бақша ұжымының №8 участкесіндегі тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Барлығы 2 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.

30 наурызда Қарғалы өзені су деңгейінің жоғарылауына байланысты Қарғалы ауылының 10 саяжай учаскесі су астында қалды. Қазіргі уақытта құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жағдай тұрақты бақылауда, - делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында өңірде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді. «Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 183 қоңырау түсті.

2023 жылғы 27-30 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашынның болжануына байланысты еріген ағынның пайда болуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде,  су тасқыны мен су басу орын алуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы