Все новости за 16 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Биыл Атырауда 23,4 млн тонна мұнай өндірілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда биыл 23,4 млн тонна мұнай өндірілген. Төрт өнеркәсіптік жоба жүзеге аспақ. Атырау облысы өнеркәсіптік өндіріс көлемі жағынан елімізде жетекші орында. Бұл көрсеткіштің 92,3 пайызы мұнай өндіру өнеркәсібімен байланысты, деп жазды inbusiness.kz.
-
Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.
-
Елордада ПТР зертханалары көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада күніне 10 мыңға жуық ПТР-зерттеу жүргізіледі. Пандемия үй басталғалы бері халықты ПТР-тестілеумен көбірек қамту үшін қаладағы зертханалар саны екіден 27-ге дейін өсті.
-
Тағы бір қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «World Business Consulting» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
-
Шардараның сейсмикалық төзімділігі нығаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Түркістан облысына жұмыс сапарында белгілі болды.
-
Өрт сөндіру-құтқару спорты. Қатысушылары өз шеберліктерін көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлер мен әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттың үшінші күні қатысушылар өрт эстафетасында өз шеберліктерін көрсетті.
-
Зарина Диас Токио олимпиадасына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық теннис федерациясы қалған квоталарды қайта бөлуді нәтижесінде Зарина Дияс Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
-
Жамбылда ұлттық сусындардың этнофестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданында «Қымыз fest, шұбат fest» ұлттық сусындардың этнофестивалі өтті.
-
Жалған вакцинация паспорты мен ПТР сынамасының 46 жарнамасы анықталды – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ Интернет желісінде, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтайтын және пысықтайтын арнайы мониторингтік топтар құрды.
-
Коронавируспен ауырған жастар көбейіп барады – Тимур Мұратов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бірнеше күнде Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Қалада күніне 1,5 мыңнан астам адамнан КВИ инфекциясы анықталады.
-
ШҚО-да табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елеке Сазы шатқалындағы және Ақбауырдағы ғибадатхана кешеніндегі қазба жұмыстар барысында табылған бірегей олжалар қыркүйек айында Лондондағы «Ұлы дала алтыны» көрмесіне қойылады.
-
ҚТЖ Маңғыстауға жеткізілетін шөпті тегін тасымалдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада еріктілер Маңғыстау облысындағы мал азығына мұқтаж аудандарға шөп жеткізуге көмектесуді сұрап әлеуметтік желілер арқылы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығына шыққан.
-
Жүктіліктен кейін өлім қаупі 22 пайызға жоғары – Айжан Есмағамбетова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова әлеуметтік желіде тарап кеткен «Hayat Vax вакцинасын алғандар екі жыл жүктілікті жоспарламауы тиіс» деген ақпараттың жалған екенін айтты. Сонымен қатар аталған вакцинаның жүктілік кезіндегі әсерінің қандай болатынын мәлімдеді.
-
Әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
-
Қазақстан мен Өзбекстан арасында туризм қалай дамып жатыр?
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бірінші орынбасары Ұлықбек Азамов Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы туристік сала қалай дамып жатқанын және қандай жобалар қолға алынғанын айтып берді.
-
Сенат төрағасы Маңғыстау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол өңірге сапары барысында облыс аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін "Каспий" су тұщыту зауытының қызметімен танысты. Ауыз су мәселесі өңір үшін аса маңызды екені белгілі. Сенат төрағасы осыған байланысты аталған мәселені шешу үшін қосымша су тұщыту нысандарын салу қажеттігіне назар аударды.
-
Мирзиёев пен Мұхтар Тілеуберді өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын талқылады
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды.
-
Жалған вакцинациялау құжатын жасату – реанимацияға «жолдама» сатып алумен бірдей – ДСМ өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты. Ведомство басшысы адамдарды өз өмірлеріне балта шаппауды ескертті.
-
Вакцина алар алдында аллергияға тексерістен өту керек пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы онлайн брифингте ДСМ санитарлық эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Айжан Есмағанбетова айтты.
-
Қазақстанда жиын-той өткізуге рұқсат жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де өршіп тұр.
-
Павлодарда қосымша инфекциялық төсек-орындар жабдықталды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияны жұқтыру деректері көбейгендіктен, қосымша инфекциялық төсек-орындар жасақталды.
-
Елімізге бір компонентті ресейлік жаңа вакцина әкелінеді
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы брифингте ДСМ санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
-
Ресейдің ірі автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Қостанай облысына жұмыс сапары барысында РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі өкілі Денис Пактың қатысуымен Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексеріп қарады.
-
Елімізде балаларға СOVID-19-ға қарсы вакцина салу мәселесі әлі шешілген жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты. Оның айтуынша, қазір балалар арасында да індет өршіп тұр.
-
Бекшин алматылықтарды Құрбан айт мерекесінде бұқаралық шараға қатыспауға шақырды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты қаланың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесінде іс-шаралардың шектелгені туралы айтты.
-
Аңыз ақпаратты таратуды қою керек, балаларға вакцина салынбайды – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында балаларға вакцина қашан салынады деген сұраққа жауап берді.
-
Пәтер иелері кооперативінің орнын басқа бірлестік басады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде енді көппәтерлі тұрғын үйлерді ПИК емес, Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі басқарады. Бұл туралы «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков мәлімдеді.
-
Алматыда коронавирустан емделіп жатқандардың барлығы вакцина алмаған – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қала емханаларында ем алып жатқан науқастардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина алмағанын мәлімдеді.
-
Алматы облысында 5 полицейге қатысты үкім шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше қылмысқа кінәлі деп танылған 5 экс-полицейге қатысты үкім шығарды.
-
Мәжіліс депутаттары шалғайдағы ауыл мектептеріне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл және Ғалым Әміреев Қызылорда облысының Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №118 орта мектеп ғимаратының құрылысымен танысты.
-
Алматы мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайтын болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте карантин кезінде Құрбан айт мерекесін атап өту шараларын түсіндірді.
-
Қазақстандағы автоспорттың даму деңгейі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жанкүйер» атты подкастымыздың кезекті санында Автоспорттан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрпейіс Қонысбаев қонақта болды.
-
COVID-19 қолдан жасалған ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейсус коронавирус індетінің қолдан жасалауы мүмкін екенін жоққа шығармады . Бұл туралы Associated Press хабарлады.
-
Коронавирус: Маңғыстаудың стационарларында науқастар саны 67 пайызға жетті
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Есенғалиева айтты.
-
ШҚО полицейлері балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полицейлері балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Мирзиёев Өзбекстанның сыртқы саясатының басты жетістігін атады
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте өтіп жатқан «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясында Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёев елдің сыртқы саясатындағы жетістік туралы айтты.
-
Үстел теннисінен Қазақстан командасы Олимпиада алдындағы жаттығуды аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар соңғы оқу-жаттығу жиынын аяқтады деп хабарлады Olympic.kz.
-
Бельгияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, деп жазды Хабар24.
-
Қазақстан әскери корабльдері Каспийге шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері бастаған Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторына жорыққа шықты.
-
6 айда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 347 мыңнан астам адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдедегі жағдай бойынша 347,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 253,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 141,5 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.
-
ШҚО тұрғындарының 97%-ы жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізе алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат отырысында Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Алмат Ақышов айтты.
-
Мирзиёев Орталық пен Оңтүстік Азияны байланыстыратын теміржол жобасы туралы айтты
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекстан астанасында «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясы өтіп жатыр.
-
Елорда тұрғындары қандай әлеуметтік жобаларға қатыса алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қазақстанның елордасы - Нұр-Сұлтан өзінің 24 жылдығын атап өтті. Жыл сайын қала дамып, жаңа ғимараттар мен үйлер, мәдени және спорт орталықтары, спорт алаңдары салынып жатыр.
-
Талапкер үшін медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 16 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталғанын мәлім етті. Ол онлайн форматта қабылданады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Бокстан Қазақстан командасы Олимпиадаға аттанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін бокстан Қазақстан командасы Жапония астанасы Токио қаласын бетке алады. Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев былғары қолғап шеберлерінің Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жиыны қалай өткенін тоқталды деп жазады Olympic.kz.
-
Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы басталды.
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматыда мыңға жуық іс-шара өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мерейтойға дайындықты сапалы жүргізу және мерекелеу мақсатында республикалық іс-шаралар жоспары негізінде бірыңғай қалалық Жоспар бекітілді. Жоспарды жүзеге асырудың барлық кезеңінде 2021 жылы 953 іс-шара жоспарланған, оның ішінде 2 шара республикалық, 436 қалалық, 549 аудандық деңгейде өтеді.
-
Германияда су тасқыны болып, мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Германияның батыс ауданындағы Аварайлер билігі хабарлады. Округтің мәліметінше, су апатынан 1,3 мың адам хабар-ошарсыз жоғалған.
-
Депутат сауда үйлеріне барып, бағалардың шамасын бақылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, аса қажетті азық-түлік бағалары қымбаттағаны байқалуда. Осыған орай, Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев жұмыс сапары барысында әлеуметтік азық-түліктің бағасын мониторинг жасау үшін сауда үйлеріне барып, бағалардың шамасын бақылады.
-
Павлодарда күлден табыс табатын зауыт ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. «Павлодар» арнайы-экономикалық аймағында тағы бір зауыт ашылды. Жаңа кәсіпорын өңірдегі электр станцияларынан қалатын күлден алюмомиликатты микросфера өндіреді.
-
Елде ет қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қой еті 14%-ға қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, басты себеп - елден тірі малды экспорттау болып отыр екен.
-
Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдіктінің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдікке ілінген грузиялық Бесик Тордуаның өлімінің себебі белгілі болды. Алдын ала болжамдарға сәйкес, Тордуа ми инфарктінен қайтыс болған деп жазады Sputnik Грузия.
-
Егер сіз кредит бойынша міндеттемелерді орындай алмасаңыз, не істеу керек?
Алматы, BAQ.KZ. Өмірдегі жағдайлар әртүрлі. Егер кенеттен қаржылық жағдайыңыз кредит бойынша төлемді уақтылы төлеуге мүмкіндік бермесе, ең бастысы заң бойынша әрекет ету қажет. Қалай әрекет ету керектігі туралы Fingramota.kz-те айтылды.
-
АҚШ, Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан төртжақты дипломатиялық платформа құрады
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте АҚШ, Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан өкілдері жаңа төртжақты консультациялар алаңын құру туралы шешім қабылдады.
-
Ташкенттегі жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан ерекше жәдігерлер сыйға берілген
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкент қаласында ашылған жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан естелікке ерекше сыйлық берілген. Орталық Азия халықаралық институтының ашылуы кезінде көрме залындағы экспонанттар қонақтарға таныстырылды.
-
Жамбыл облысында Egov mobile қосымшасы арқылы қызмет алушылар көбейіп келеді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коммуникацияның халық пен бизнеске тиімді жүйесін жолға қою жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Жамбыл облысында жоспарлы жүзеге асуда.
-
Ауыл әкімдерін сайлау: Халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тарихында алғаш рет өтетін ауылдық округтер, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауына санаулы күндер қалды. Кандидаттарды тіркеу нәтижелері қандай, саяси науқан қарапайым ауыл тұрғындары үшін қаншалықты маңызды? Бұл сұрақтарға Nur Otan партиясы Зеренді аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әбдуахитов жауап берді.
-
Ташкентте «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» конференциясы өтеді
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы өтеді.
-
Індеттің алдын алу – вакцинация. Жаңаөзендегі ұжымдар эпидемиологтармен кездесті
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жаңаөзен қаласындағы ірі компаниялардың еңбек ұжымы эпидемиологтармен кездесті. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан білікті эпидемиолог, инфекционист мамандар еңбек ұжмдарымен кездесу үшін арнайы келген.
-
Ақмола облысында ауыл әкімдері сайлауына 303 кандидат тіркелді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы бойынша 95 сайлау округінде 303 кандидат тіркелді. Олардың 93-і саяси партиялардан, 210-ы өзін-өзі ұсынғандар.
-
Алматыда антитеррорлық жаттығу өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. 16 шілде күні Бостандық ауданындағы Орбита-3 шағын ауданының 5 ғимараты, №145 жалпы білім беретін мектепте, сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін, санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жоспарланған антитеррорлық «Шілде-Антитеррор 2021ж.» жаттығулары өтеді.
-
Елімізде вакцина алғандардың үлесі қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 16 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Коронавирус. 13 өңір «қызыл» аймақта тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
COVID-19. 934 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 шілдедегі ақпаратты жариялады.
-
Ресейліктер ит пен мысығына дейін вакцина сала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде иттер мен мысықтарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Киров облысына жануарларға екпе егу үшін «Карнивак-Ков» препаратының алғашқы партиясы жеткізілді.
-
3012 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 3012 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 5648 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 5648 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Тұрғындардың атынан несие алып, құмар ойынға жұмсаған банк қызметкері ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер тұрғындардың 40 миллионнан астам ақшасын алаяқтық жолмен иеленді деген күдікпен банк қызметкерін ұстады.
-
«Дина» базарындағы жалған қойылым: жас жігіт жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін 22 жастағы жігіттің денсаулығы нашарлауы жалған болып шықты. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Токио Олимпиадасына қатысатын боксшылар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы олимпиада ойындарында Қазақстан атынан бокс бөлімі бойынша тоғыз қазақстандық ел намысын қорғайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
-
Ақтауда ойыншық тапаншамен елді қорқытқан әйел жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді, деп хабарлайды 24.kz.
-
Германиядағы табиғат апатынан 43 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның батыс аумағына «Бернд» циклоны әкелген нөсер жауын кемі 43 адамның өмірін жалмады. Тағы ондаған адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды Deutsche Welle.
-
Қазақстан паралимпиадашылары халықаралық турнирден 18 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық паралимпиадашылар Чехияда өткен ашық турнирден 18 медаль иеленді, деп хабарлайды prosports.kz.
-
Түркістаннан 11 қалаға әуе рейсі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 11 қаладан Түркістан қаласына тікелей әуе рейстерін ашу жоспарда бар.
-
Түркияда су тасқыны мен лай көшкінінен үш адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Ризе провинциясында төпелеп жауған жаңбыр соңы лай көшкіні мен су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қала тұрғыны есірткіні ШҚО-дағы колонияның қоршауы арқылы өткізбек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғыны есірткіні ШҚО-дағы колонияның қоршауы арқылы өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Наверх