Зарина Диас Токио олимпиадасына қатысады

16 Шілде 2021, 21:50
1890
Бөлісу:
Зарина Диас Токио олимпиадасына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық теннис федерациясы қалған квоталарды қайта бөлуді нәтижесінде Зарина Дияс Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Осылайша, теннистен жекелей сында өнер көрсететін отандастарымыздың саны алтауға жетті. 

Олар: Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Зарина Дияс, Михаил Кукушкин. Ал жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик, Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова жүлдеге таласады. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына теннисшілерге жолдама үлестіру 7 маусымдағы ATP және WTA рейтингі негізінде жүзеге асырылды. Әр мемлекеттен қатысушылардың саны 12 адамнан аспайды (алты ер адам және алты әйел). Барлығы 64 теннисші жеке, 32 жұп - жұптық, 16 жұп - аралас жұпта өнер көрсетеді. 

Енді Қазақстан құрамасында 27 спорт түрінен 97 жолдама бар.

Өзгелердің жаңалығы