Ауыл әкімдерін сайлау: Халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек

16 Шілде 2021, 10:27
4866
Бөлісу:
Ауыл әкімдерін сайлау: Халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек
Сұхбат

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тарихында алғаш рет өтетін ауылдық округтер, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауына санаулы күндер қалды. Кандидаттарды тіркеу нәтижелері қандай, саяси науқан қарапайым ауыл тұрғындары үшін қаншалықты маңызды? Бұл сұрақтарға Nur Otan партиясы Зеренді аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әбдуахитов жауап берді. 

–Зеренді ауданында партиядан қанша кандидат ұсынылды және олардың жас құрамы қандай? 

– Nur Otan партиясы өзінің 30 жылдық тарихында қалыптасқан жағдайға қарамастан әрдайым алдыңғы қатарда келеді, тұрақтылық пен бірлікті сақтау, өмірдің қиын кезеңдерінде адамдарға қолдау көрсету, шынайы өмірде өзінің жасампаздық миссиясын үнемі дәлелдей отырып, өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Зеренді ауданында сайлау 8 ауылдық округте өтеді, біздің партиядан 7 кандидатты ұсындық. Үміткерлердің орташа жасы - 52 жас, ең жас үміткер 43 жаста, ең ересегі – 58 жаста. 

– Кандидаттар қандай критерийлер бойынша таңдалды? Қандай да бір артықшылықтар болды ма? 

–Қолданыстағы ережелерге сәйкес, үміткерлердің жасы жиырма бестен кем емес, соттылығы, жемқорлық қылмыстары, заң бұзушылықтары болмауы тиіс. Сайлау науқанының бастапқы кезеңінде Nur Otan ТФК Саяси кеңесі бюросының отырысында кандидаттар тізімі келісілді. Филиал конференциясында 21 кандидаттан 7 – уі Шағалалы, Бұлақ, Викторовка, Троицк, Приреченск, Күсеп ауылдық округтері мен Алексеевка кентінің әкімдері лауазымына ұсынылды. 

Біздің кандидаттар жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді, партиялық жазалары жоқ, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары болып табылады, мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Олардың әрқайсысы өз жұмысында белгілі бір жетістіктерге жетті: жеті үміткердің алтауы төрт және одан да көп мерзім жұмыс істеген, халық арасында беделге ие. Бұл өз ауылдарында жұмыс тәжірибесі бар, тұрғындардың мәселелерін шешуге дайын, беделді және құрметті партиялықтар. Қазір олардың әрқайсысы өзінің сайлауалды бағдарламасын дайындауда, оған ауданның сайлауалды бағдарламасының Жол картасынан және аумақтарды дамыту бағдарламасынан нақты индикаторлары мен шешу мерзімдерінен тұратын ауылдардың проблемалық мәселелері кірді. 

–Ауданда үгіт-насихат кезеңі қалай басталды? 

– Сайлау алдындағы үгіт он төртінші шілде, жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталды. Үгіт-насихат жұмыстарының негізгі нысандары әрине, сайлаушылармен офлайн және онлайн форматта кездесулер, «Есіктен есікке» акциясы, халықтың түрлі топтарының өкілдеріне мекен-жай бойынша бару. Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қатаң сәйкестікте жүргізілетінін атап өткім келеді. Сондай-ақ, уақыт талаптарына сәйкес, үгіт жұмысы әлеуметтік желілерде жүргізіледі. Бұл кандидаттардың және олардың сенімді тұлғаларының ақпараттық постерлерді жариялауы, топтарда, пабликтерде, чаттарда тираждау, тікелей эфирлер өткізу. Олардың барысында кез келген тілек білдіруші сайлау алдындағы бағдарламамен таныса алады, сұрақтар қоя алады, шешу үшін партияда жинақталатын ұсыныстар мен ескертулер қалдыра алады. 

–Кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары қалай дайындалды? Қандай мәселелерге басымдық берілді? 

– Кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына негізделді. Бұл үміткерлердің барлық уәделері белгілі бір іс-шаралармен, қаржыландыру көздерімен және шешу мерзімдерімен бекітілгенін білдіреді. Бұл – округтердегі түрлі проблемаларды шешу бойынша нақты іс-қимылдардың дайын жоспарлары. Сайлау бағдарламаларының басты ерекшелігі олардың әлеуметтік-экономикалық бағыты болды, яғни бұл бос уәделер емес, нақты міндеттер. 

–Алдағы сайлау туралы өз пікіріңізбен бөліссеңіз. Ол қаншалықты қажет?

– Біздің аудан халқының 100%-ы ауыл тұрғындары екенін атап өткім келеді. Сондықтан барлық ауыл әкімдерінің сайлау науқаны маңызды оқиға болады деп ойлаймын. Тікелей сайлауды енгізу – жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту жолындағы заңды қадам. Тікелей сайлау азаматтар мен мемлекеттің, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының жаңа қағидаттарын белгілейді. Сонымен қатар, олар билікке және біздің партияға деген сенімнің өсуіне қызмет етеді. Ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, жауапкершілік те жоғары. Халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек. Әкімдерді тікелей сайлау олардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады. Ал бұл әрбір басшының беделі мен қызметінің тиімділігін арттырудың басты факторы.

Өзгелердің жаңалығы