Елордада ПТР зертханалары көбейді

16 Шілде 2021, 22:59
4347
Бөлісу:
Елордада ПТР зертханалары көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада күніне 10 мыңға жуық ПТР-зерттеу жүргізіледі. Пандемия үй басталғалы бері халықты ПТР-тестілеумен көбірек қамту үшін қаладағы зертханалар саны екіден 27-ге дейін өсті.

Зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 13 мыңнан астам зерттеуді құрайды. Бүгінгі таңда 1,7 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ, КВИ жұқтырған пациенттерді емдеу үшін қолда бар резервтердің арқасында қосымша инфекциялық төсектер ұйымдастырылды, бұл төсек жүктемесінің азаюына мүмкіндік берді. Егер маусым айының соңында ковидтік төсек-орын қуаты 14 инфекциялық стационар бойынша 2 мың төсектен сәл артық болса, бүгінгі күні инфекциялық төсектер саны 3,5 мыңға дейін ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір қала бойынша COVID-19 вирусымен күресу үшін 15 стационар және 6 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды.

Сондай-ақ, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың оң динамикасы байқалады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша тәулігіне орташа есеппен 6-дан 8 мыңға дейін адам егіледі.

Осы аптаның басынан бері қала бойынша 27 мың азамат вакцинациямен қамтылды. Екпе алғандар саны күніне 8 мың адамға жетеді. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 308 мыңнан астам азамат вакцинацияланды. Бұл вакцинацияның өсіп келе жатқан қарқынын, адамдардың саналы түрде денсаулығына жауапкершілікпен қарауын білдіреді, — деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, мобильді топтар еңбек ұжымдарын вакцинациялауды жалғастыруда. Тек вакцинация ғана өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы