Аңыз ақпаратты таратуды қою керек, балаларға вакцина салынбайды – Бекшин

16 Шілде 2021, 17:16
4272
Бөлісу:
Аңыз ақпаратты таратуды қою керек, балаларға вакцина салынбайды – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «Балаларға вакцина қашан салынады?» деген сұраққа жауап берді.

Елімізде коронавирусқа қарсы салынып жатқан вакцинаның барлығы 18 жастан асқандарға арналған. «Балаларға вакцина салынады екен» деген қауесет халықты үрейлендіріп жатыр. Вакцинаның балаларға салынатынын растайтын ешқандай ресми құжат жоқ. Сондықтан мұндай аңыз ақпаратты таратуды доғару керек. Оның барлығы халықты алаңдату мақсатында жасалып жатыр деп ойлаймын. Елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу мәселесі қаралмаған, - деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин қала емханаларында ем алып жатқан науқастардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина алмағанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы