Ақтауда ойыншық тапаншамен елді қорқытқан әйел жауапқа тартылды

16 Шілде 2021, 05:36
1924
Бөлісу:
Ақтауда ойыншық тапаншамен елді қорқытқан әйел жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді, деп хабарлайды 24.kz

Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Күдіктіні полиция ұстады. Әйелдің тұрақты мекенжайы жоқ. Қолына ұстап жүргені ойыншық қару болып шықты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді. 

Полицияға бұл бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді, – дейді ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Айғаным Рахметова.

Өзгелердің жаңалығы