Елорда тұрғындары қандай әлеуметтік жобаларға қатыса алады?

16 Шілде 2021, 13:15
1570
Бөлісу:
Елорда тұрғындары қандай әлеуметтік жобаларға қатыса алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қазақстанның елордасы - Нұр-Сұлтан өзінің 24 жылдығын атап өтті. Жыл сайын қала дамып, жаңа ғимараттар мен үйлер, мәдени және спорт орталықтары, спорт алаңдары салынып жатыр.

Былтыр Нұр-Сұлтанда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 7 әлеуметтік маңызды жобаны іске асырды.

Мысалы, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Қор елордада қаланың әлеуметтік инф0рақұрылымын дамытуға бағытталған 7 әмбебап алаң орнатты. Алаңдар төрт аймақтан тұрады: футбол алаңы, стритбол аймағы, балалар алаңы және workout тренажерлері.

Осы жылы 0ор қала тұрғындарына жаңа көпфункционалды жабық спорт кешенін сыйға тартуды жоспарлап отыр. Мұнда шағын футбол, волейбол және баскетбол, теннис, күрес және бокс сынды спорт түрлерімен айналыса алады, сондай-ақ кешенде жылдың кез келген ауа-райы мен уақытында жаттығуға болады. Кешенде қажетті құрал-жабдықтар, жүгіру жолдары, жуыну кабиналары мен шешінетін бөлмелер қарастырылған.

Спорттық инфрақұрылымды жақсарту мақсатындағы жобаларды іске асырумен қатар білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асырылады. Осы жобалар аясында елорданың 2 500-ден астам кішкентай тұрғыны, атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан «Замандас 21» отбасылық аула клубтарында 25-ке жуық білім беру секциялары мен үйірмелеріне тегін барады:

  • Алматы ауданы, Қошқарбаев көшесі, 44, +7 771 371 43 48;
  • Байқоңыр ауданы, Абай көшесі, 92/2, +7 707 997 23 90;
  • Алматы ауданы, Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 28, +7 701 778 49 49;
  • Алматы ауданы, Шалкөде көшесі, 2, +7 701 709 94 89;
  • Байқоңыр, Сарыадыр көшесі, 3, +7 708 102 13 84.

Жақын арада №55 орта мектеп базасында алтыншы отбасылық клуб пен орталықтандырылған кітапхана базасында Жастар коворкингі орталығын ашу жоспарланып отыр.

«Дені сау балалар» жобасы аясында «Қасиетті жол» оңалту орталықтарында жыл сайын БЦП және тірек-қимыл аппаратының басқа да бұзылулары бар 1 000-ға жуық бала тегін оңалту көмегін алады. Кешенге физиотерапия, физиотерапия, логопед, дефектолог, психолог және кәсіби терапевт мамандарымен сабақтар кіреді.

Айта кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар балаларды тегін оңалтуға қабылдайтын «Қамқорлық» жобасы аясында тағы бір оңалту орталығы ашылды. Орталық кішкентай пациенттердің денсаулығын қалпына келтіруге көмектесетін озық құралдармен жабдықталған.

Мүгедек балаларды оңалту әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі және оның тиімді жолдарының бірі – бейімделген спортпен айналысу. Осылайша «Саламатты болашақ» жобасы пайда болды, онда ерекше қажеттіліктері бар балалар бейімделген дене шынықтыру мен спорттың 7 түрі бойынша: жүзу, каратэ, таеквондо, голбол, бочча, жеңіл атлетика, хореография секцияларына тегін қатыса алады.

Дамуында ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтендірудің маңызды кезеңі – білім беру. «Әр алуан бірақ тең: Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамыру» жобасы аясында оларға психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (ППТК) және ресурстық орталықтарда тегін қызмет көрсетіледі. Кез-келген «ерекше» бала дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог, сурдолог және басқа мамандардан білікті көмек ала алады.

10 жыл бойы қор Қазақстанның барлық аумағында жүйелі қайырымдылық жобаларын іске асырып келеді. Өткен жылдың өзінде еліміздің 17 өңірінде 30 ауқымды әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 7 жоба Нұр-Сұлтан қаласында. Жобаларды іске асыра отырып, біз әрқашан олардың тиімді болуына және қазақстандықтарға пайда әкелуіне ұмтыламыз, - деп атап өтті қордың ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Өзгелердің жаңалығы