Қазақстанда жиын-той өткізуге рұқсат жоқ

16 Шілде 2021, 18:35
3331
Бөлісу:
Қазақстанда жиын-той өткізуге рұқсат жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де өршіп тұр.

«Жасыл» аймақтағы өңірлерге еске алу жиындарын ғана өткізуге рұқсат көрінеді.

Оның өзінде 50 адамға дейін ғана шақыруға рұқсат етіледі. 2021 жылғы 27 ақпаннан бері бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған, - деді ДСМ ресми өкілі.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, індетпен күрес толықтай біткенше, сабырлық танытқан жөн. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау режимін қатаң сақтауды өтініп отыр.

Індетпен күрестегі негізгі құралдардың бірі – ұжымдық иммунитет қалыптастыру дейді олар. Бүгінде елімізде вакцинациялау қарқынды жүріп жатыр.

Бұған дейін балалар арасында COVID-19-ға қарсы вакцина салу мәселесінің әлі шешілмегендігін айтқан болатынбыз

Өзгелердің жаңалығы