ШҚО-да табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады – Ахметов

16 Шілде 2021, 20:48
2536
Бөлісу:
ШҚО-да табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады – Ахметов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елеке Сазы шатқалындағы және Ақбауырдағы ғибадатхана кешеніндегі қазба жұмыстар барысында табылған бірегей олжалар қыркүйек айында Лондондағы «Ұлы дала алтыны» көрмесіне қойылады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ақын-жазушылармен кездесуде айтты.

Облыс әкімі ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Әлібек Асқаров, Қадырбек Сегізбаев және Әлібек Қаңтарбаев сынды Шығыс Қазақстан облысынан шыққан атақты ақын-жазушылармен кездесті.

ШҚО-да табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады – Ахметов

Кезедесуде Даниал Ахметов жазушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып Өскеменде салынатын монументтің жобасымен таныстырды. Олар монументті қазақ халқының рухы мен мәдениетін танытатын маңызды тарихи символға айналады деп бағалады.

ШҚО-да табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады – Ахметов

Сондай-ақ, әкім облыстағы көркем сөз шеберлерінің альманахын қайта шығару туралы ұсыныстарын қолдайтынын айтты. Онда шығармаларын оқырман бұрыннан білетін жазушылар ғана емес, талантты жастардың да көркем туындылары жарияланады. Сондықтан, корифейлердің шығармашылыққа енді келіп жатқан жас буынға қолдау көрсеткендері өте маңызды екенін тілге тиек етті.

ШҚО-да табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады – Ахметов

Сондай-ақ, Жазушылар Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы «Елеке Сазы» қорғаны мен «Ақбауыр» ғибадатханасындағы қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілердің суреттерін тамашалады.

ШҚО-да табылған артефактілер Лондондағы көрмеге қойылады – Ахметов

Даниал Ахметов бұл артефактілер қыркүйек айында Лондондағы «Ұлы дала алтыны» көрмесіне қойылатынын, содан кейін мұражай экспозицияларынан лайықты орын алатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы