COVID-19 қолдан жасалған ба?

16 Шілде 2021, 15:52
4196
Бөлісу:
COVID-19 қолдан жасалған ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейсус коронавирус індетінің қолдан жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Мен өзім лаборант болдым. Мен лабораторияда жұмыс істеген иммунологпын. Бұндай оқиғаларды білемін, - деді ол.

Ұйым басшысы вирустың пайда болуы лабороториядағы зерттеушілердің қателігінен болуы мүмкін екенін меңзеді.

Оның айтуынша, SARS-CoV-2 вирусының қолдан жасалған деген теориясын жалған деп санау әлі ерте.

Гебрейсус, сонымен қатар, Қытай билігіне сын көзбен қарай отырып, «ашықтыққа және ынтымақтастыққа» шақырды.

Коронавирустың жасанды деп танылған нұсқасы соңғы айларда Батыс Еуропада белсенді талқылануда. Британдық профессор Ангус Далглиш пен норвегиялық вирусолог Биргер Соренсен қытайлық ғалымдар вирусты қолдан жасап, содан кейін іздерін жасыруға тырысқанына сенімді.

Олардың пікірінше, Ухань зерттеушілері табиғи вирусты адамның жасушаларында тез жұғатындай еткісі келген.

Бұл манипуляцияны COVID-19 инфекциясына тәжірибе барысында Дальглиш пен Соренсен тапқан төрт аминқышқылдарының сериясы дәлелдейді. Бұндай жүйенің вируста болуы мүмкін емес дейді ғалымдар.

Қытай өзінің COVID-19 туралы ақпаратқа қатысты ашық позициясы бар екенін білдірді. Олардың хабарлауынша, Пекин пандемия басталғаннан бері зерттеу жүргізіп, қоздырғыш тудыратын көздерді анықтаған. Онымен қоса барлық негізгі деректерді жариялағанын алға тартады. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзян АҚШ-тың коронавирустың шығу тегі туралы тергеу кезінде түсініктеме беріп, оны саяси ойын және кінәні басқаларға жабу деп атады.



Өзгелердің жаңалығы