Германияда су тасқыны болып, мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті

16 Шілде 2021, 12:26
2248
Бөлісу:
Германияда су тасқыны болып, мыңнан астам адам  із-түзсіз жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Германияның батыс ауданындағы Аварайлер билігі хабарлады. Округтің мәліметінше, су апатынан 1,3 мың адам хабар-ошарсыз жоғалған.

Ең көп зардап шеккен аймақ - Арвайлер округі. Қазіргі уақытта кем дегенде 58 адам көз жұмды, деп хабарлайды SWR.

Бад-Нойенар-Арвайлер аймағында құтқару жұмыстары жүргізілуде. Құтқару жұмыстарына он тікұшақ жұмылдырылған. Округтің ресми сайтының хабарлауынша, шамамен 1300-ге жуық адамның өлі не тірісі белгісіз.

Бад-Нойенар-Арвайлер қаласының бір ғана ауданында 1000-нан аса құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда, - деп жазды округтің ресми сайты.

АҚШ президенті Джо Байден су тасқыны кезінде жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Біз жақындарын жоғалтқан отбасылардың қайғыларына ортақпыз, -делінген оның хабарламасында.

Су басқан жолдар мен қираған көпірлердің салдарынан кейбір елді мекендердің жолдары жабылып қалды. Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы бес ауданда бөгет бұзылу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

Айта кетейік, Арвайлер - Германиядағы округ, Рейнланд-Пфальц федералдық аймақтың құрамына кіреді.

Германия канцлері Ангела Меркель бұл оқиғаға түсініктеме бере отырып, елдің батысында орын алған апаттың шығыны келесі күндерде ғана белгілі болатынын айтты. Ол қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтып, туыстарына қолдау білдірді.

Бұндай қиын жағдайдан кейін дәл қазіргі сәтті шығын санын бағалау мүмкін болмай тұр, – деді жергілікті билік.

Өзгелердің жаңалығы