Қазақстан паралимпиадашылары халықаралық турнирден 18 медаль жеңіп алды

16 Шілде 2021, 03:13
1016
Бөлісу:
Қазақстан паралимпиадашылары халықаралық турнирден 18 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық паралимпиадашылар Чехияда өткен ашық турнирден 18 медаль иеленді, деп хабарлайды prosports.kz.

Чехияда пара жеңіл атлетикадан халықаралық ашық турнир аяқталды. Жарысқа 8 елдің үздік атлеттері қатысты. Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 9 спортшы қатысып, 18 медаль жеңіп алды.

Ұлттық құраманың қоржынында 5 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль бар.

Алтын:

1. Мұқашбеков Дастан – ядро лақтыру

2. Мұқашбеков Дастан – диск лақтыру

3. Жоламан Еламан – найза лақтыру

4. Калкаев Аманат –100 метр қашықтыққа жүгіру

5. Хабибулин Руфат – найза лақтыру

Күміс:

1. Жоламан Еламан – диск лақтыру

2. Калкаев Аманат - 200 метр қашықтыққа жүгіру

3. Макшат Меийржан - 800 метр қашықтыққа жүгіру

4. Харламов Сергей – ұзындыққа секіру

5. Хабибулин Руфат – 100 метр қашықтыққа жүгіру

6. Хабибулин Руфат – 200 метр қашықтыққа жүгіру

Қола:

1. Жоламан Еламан – ядро лақтыру

2. Бакберген Калганат – найза лақтыру

3. Калкаев Аманат – ұзындыққа секіру

4. Харламов Сергей  – 100 метр қашықтыққа жүгіру

5. Харламов Сергей – 200 метр қашықтыққа жүгіру

6. Мансурбаев Равиль – ядро лактыру

7. Макшат Мейиржан  – 400 метр қашықтыққа жүгіру

Өзгелердің жаңалығы