Германиядағы табиғат апатынан 43 адам қаза тапты

16 Шілде 2021, 04:19
1863
Бөлісу:
Германиядағы табиғат апатынан 43 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның батыс аумағына «Бернд» циклоны әкелген нөсер жауын кемі 43 адамның өмірін жалмады. Тағы ондаған адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды Deutsche Welle. 

«Бернд» циклонының әсерінен ГФР-дың Рейнланд-Пфальц федералдық жеріндегі Арвайлер ауданына жауған нөсер жауыннан 6 үй құлады, тағы бірнеше ғимарат құлағалы тұр. Бұл туралы бейсенбі, 15 шілде күні Берлинде федералдық полицияның ресми өкілі мәлімдеген. 

Нақтыланған деректерге сай, Германияның батысындағы түрлі аудандарда 43 адам табиғи апат кесірінен көз жұмды. Кобленц полициясы 15 шілде күні осы ауданда 18 адам құрбан болғанын, Кёльн – 20, оның 15-і Ойскирхен қаласында опат болғанын хабарлаған. 

Бұдан бөлек тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Рейн жағалауы мен тармағында орналасқан көптеген қалаларда су тасқыны болды.

Өзгелердің жаңалығы