Депутат сауда үйлеріне барып, бағалардың шамасын бақылады

16 Шілде 2021, 12:12
6055
Бөлісу:
Депутат сауда үйлеріне барып, бағалардың шамасын бақылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Шымкент қаласындағы әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, аса қажетті азық-түлік бағалары қымбаттағаны байқалуда. Осыған орай, Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев жұмыс сапары барысында әлеуметтік азық-түліктің бағасын мониторинг жасау үшін сауда үйлеріне барып, бағалардың шамасын бақылады.

Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, қаладағы сауда орындарында әлеуметтік сөрелер арнайы ашылған. Ол сауда орындарында азық-түлік әлде қайда арзан бағада саудаланады.

Анықталғандай дүкенде тауарлардың сөрелері араласып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгілі бір жерге қойылмаған және тақтайшаларға атауы жазылмаған. Яғни, тұтынушылар арзан тауарларды байқамай, дүкенде әлеуметтік азықтың сатылатынынан бейхабар, - деді Ташқараев.

Осы бойынша депутат сауда орталығының басшысына ескерту жасап, әлеуметтік маңызы бар тауарларды белгілеп, арнай сөреге орналастыруды тапсырды.

Қазіргідей қауіпті індет қос бүйіріден қысып тұрған уақытта көпшілік үшін күнделікті тұтынатын тауар бағасының тұрақтылығы өте маңызды.

Сондықтан да, қиын кезде қарапайым тұрғындарға салмақ түспеу үшін бағалардың негізсіз өсуіне жол бермей, бағаларды апта сайын мониторингілеуді қолға алу керек.Алдағы күндері дүкендерге тағы мониторинг жасауды жоспарыма енгізіп қойдым, - деді халық қалаулысы.

Супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзан бағада сатылымға шыққан. Алайда, бұл туралы тұрғындардың бірі білсе, сауда нүктелерінің басқа тауарлармен аралас орналасуына байланысты байқамай жүргендері бар.

Сонымен қатар, депутат қаладағы белгілі азық-түлік өнімдерін сататын ауда желісінде әлеуметтік тауарлардың бағасын қадағалау барысында бірқатар кемшіліктерді байқағанын атап өтті.

Біріншіден, әлеуметтік азық-түлік сөрелерін табу қиын. Екіншіден, арнайы әлеуметтік тауарлар екенін анықтайтын белгілері жоқ. Бұл бойынша қадағалаушы басқарма өкілдері мен супермаркет қызметкерлеріне ескерту айттым. Алдағы күндері сауда желілерін тағы бір аралайтын боламын, - деді Ташқараев.

Сапар барысында депутаттар жеке тұрығндардың өтініш-тілектерін тыңдап, тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, айтылған ұсыныс-пікірлерді назарға алып, орындалуын қадағалады.

Құртаев көшесі 10-қыркүйекке дейін ретке келтіріліп, Арыстанды көшесіне жыл соңына дейін асфальт төселетін болды. Көше құрылысының айтқан мерзімге дейін аяқталуы жеке бақылауымда болады.

 


Өзгелердің жаңалығы