Все новости за 31 мамыр 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Маңғыстау облысында 190 браконьер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспийде өткен «Бекіре» операциясы кезінде 190 браконьер қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өскеменнің 28-ықшам ауданында тағы 50 тұрғын үйдің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі 28-ықшам ауданында облыстық «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews.
-
Сапарбаев: Сонау қасіретті кезеңдерде де халқымыздың рухы аласарып, сағы сынған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ елі өз тарихында талай тар жол, тайғақ кешу мен түрлі қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Сондай ең бір қайғылы да қасіретті оқиғалардың бірі – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық, деп жазды Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
80 мың доллар. Орхидеялардан жасалған көйлек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің рекордтар кітабының сарапшылары орхидеялардан жасаған қалыңдыққа арналған көйлекті 80 мың доллардан жоғары бағалады.
-
Қарағандылық полицей өртке оранған моншадан баланы аман алып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық ІІМ академиясының қызметкері, полиция лейтенанты Шерхан Төлеухан және оның досы Жантөлеу Егінбай Қарағандыда өртенген моншаның ішінен алты жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
-
40 жастан асқан ер адамдарға не жеуге болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 40 жастан кейін ер адамдар жеуге болмайтын тағамдардың тізімі жарияланды.
-
Сыр еліне +1 жеңіс. Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатында алтын еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook-тегі парақшасында барша Сыр жұртшылығы атынан спортшы қызды құттықтады.
-
Түркістан-Бішкек рейсі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Fly Arystan» әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады.
-
Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасына қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері Ұлттық ұланның елордалық әскери жасағы жоғалған баланы тауып, оны жақындарына тапсырды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Павлодарда «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» жобасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Павлодар қаласында саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобасының іс-шаралар кешені өтті.
-
Алматы әуежайында екі ұшақ бір-бірін жанап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында оқыс оқиға болды. Тіркеп сүйреу кезінде Airbus А320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті. Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі екен.
-
Қытай билігі ресми түрде үшінші бала тууға рұқсат берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі бала тууды шектеу саясатын жеңілдетіп, отбасында үшінші баланың тулуына мүмкіндік берді.
-
Нұр-Сұлтанға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері елорданың денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына отандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізілді.
-
Тоқаев видеоүндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-сессиясының жабылуында видео үндеу жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада жас өнертапқыштардың мейкатоны өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордамызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мейкатон өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.
-
Қазақстанның Греция мен Жапониядағы елшілері тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Темекі түтіні иммунитетті әлсіретеді
Алматы, BAQ.KZ. 1988 жылдан бастап 31 мамырда жыл сайын Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні аталып өтіледі. Темекінің зияны туралы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан, бұл тақырып әлі де өзектілігін жойған жоқ.
-
Алматыда екі мың адамды жинап, фестиваль өткізгендер жауапқа тартылды
Алматы, BAQ.KZ. 29 мамыр күні сағат 20.30 шамасында Медеу ауданы Нұрмағамбетов көшесінде мониторингтік топ Offtop club мекемесінің аумағында жаппай фестивальді өткізу фактісін анықтады. 2000-ға жуық адам әлеуметтік қашықтықты сақтамай, бір алаңда маскасыз болған.
-
«Дипломмен ауылға»: Сырдария ауданында 52 маманға үй берілді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Сырдария ауданында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 52 маманға тұрғын үй несиесі берілді.
-
Тарихшы: Қуғын-сүргін – бір отбасының ғана емес, бүкіл ел басына төнген трагедия
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі тарих ғылымында ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргінді зерттеу мәселесінің өзектілігі күмән тудырмайды.
-
«Бақытты отбасы»: Биыл Қызылордада 291 отбасы баспаналы болады
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында 291 отбасы баспаналы болмақ. Бұл туралы «Отбасы банкінің» Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев мәлімдеді.
-
Шығыс Қазақстанда екі аптада отыздан астам қару тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында екі аптада полиция қызметкерлері отыздан астам қару тәркіледі, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Тоқаев министрлерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен видео конференция форматында кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Балалар құқығын қорғау саласындағы заңдар үлкен өзгерісті бастан кешірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы екі жылда балалардың құқығын қорғау саласындағы заңдарға 83 өзгертулер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және Ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.
-
Қазақстанда қанша жетім бала бар екені айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина Қазақстанда қанша жетім бала өмір сүретінін айтты.
-
Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.
-
Жасөспірімдерді ойын-сауық орнына ересексіз кіргізген кәсіпкер жауапкершілікке тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.
-
Карантин талаптары. Әлемдік ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцария карантин талаптарын жеңілдетті. Елде мейрамханалардың ішкі жайлары ашылып, аудиториялардағы студенттер саны бойынша шектеулер алынып тасталды.
-
Суда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте судағы қауіпсіздік ережелері жайында айтып берді.
-
Тоқаев жеңімпаз қыздарды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
-
Оқушылардың 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.
-
ТЖМ балалардың суға кетуінің негізгі себебін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте балалардың суға кетуінің негізгі себебін атады.
-
Ұлттық орталыққа Мәжіліс депутаттары келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығына Парламент Мәжілісі депутаттары Жұлдыз Сүлейменова, Лариса Павловец, Вера Ким арнайы келіп, ғылыми қызметкерлер және реставраторлармен кездесті.
-
Елімізде 469 шомылу орны бар – ТЖМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте елімізде қанша шомылу орны бар екенін айтты.
-
Жыл басынан бері 749 мыңнан астам адам АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 152,3 мың отбасындағы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді.
-
Министр «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдап, Лондонда өткен дəстүрлі Golden Time Talent халықаралық фестивалінде жеңіске жетуімен құттықтады.
-
Биыл қанша бала лагерьге барады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев биыл қанша бала сауықтыру лагерьлеріне жіберілетіні туралы айтты.
-
Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облысының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды.
-
Жалағаштықтар мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мал шаруашылығын дамытуда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары отбасылық бизнеске бет бұруда. Биыл ауданда «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам жобаны қаржыландыру жоспарланды. Сәуір айында 15 ауыл тұрғыны 583 400 теңге қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізді.
-
«Ashyq»: Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 160 жолаушы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Ashyq» қосымшасы енгізілгелі 160 «қызыл» мәртебесі бар және 99 «сары» мәртебесі бар жолаушы анықталды. Әуежайдың баспасөз қызметі өкілі Анвар Шалекеновтың айтуынша, азаматтар «Ashyq» қосымшасын қолдануды үйренген.
-
Нығматулин Жапония Парламентінің спикерімен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен Қазақстан мен Жапония арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы келіссөз жүргізді.
-
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру болжамы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022-2023 жылдары Қазақстан экономикасына құйылатын тікелей шетел инвестициясының көлемі артады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты.
-
Шарында құтқарылған оқушының жағдайы тұрақты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Балалар ауруханасында Шарын шатқалындағы зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтылды.
-
Өзбектер Samsung телефонын көбірек ұстайды. Apple-дің Қазақстанда емес, Өзбекстанда ашылу себебі айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Apple компаниясының кеңсесінің Қазақстанда емес, Өзбекстанда ашылуының себебін түсіндірді.
-
Атырауда 17 ауыл әкімінің өкілеттілігі аяқталады – аумақтық сайлау комиссиясы
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысыда 2013 жылдан бері ауыл әкімдерінің сайлауы жанама түрде өтіп келеді. Сондықтан өңірдегі сайлау комиссиясының бұл жобада тәжірибесі қандай? Аймақта қанша ауылдың әкімі сайлануы мүмкін? Әкімдікке кімдер кандидаттығын ұсына алады? Осы сұрақтар бойынша Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовпен сұхбаттастық.
-
Өзбекстан құтқарушылары жоғалған туристерді іздестіруге тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауда жоғалып кеткен туристерді іздестіруге Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары тартылды. Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің арнасын бойлай Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеруде. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
-
Түрлі жала жабылған жазықсыз жандар тағдыры тарихи әділеттілікті талап етеді – Досмұхамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халқымыз мыңдаған жылдық тарихында талай аласапыранды бастан кешірді. Бірақ, өткен ғасырдағы ең ауыр нәубет пен зобалаң ұлттың жадында жатталып, ұлттық тарихтың қаралы парақшасына қанды жаспен жазылды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
-
Солақай саясаттың құрбаны болып, аштық тауқыметін тартқан бабалар рухына тағзым – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 мамыр – XX ғасырдағы кеңестік биліктің тоталитарлық саясаты салдарынан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлеріміз бен ашаршылық құрбандарын еске алатын тарихымыздағы тақсыретті күн.
-
Балқаш маңында күн электр стансасы салынып жатыр
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Балқаш қаласының жанындағы Қоңырат елдімекеніне жақын жерде күн электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 39 миллиард 51 миллион тенге. Күн электр станциясы 140 гектар аумақта орналасатын болады. Қоңырат елдімекенін электр қуатымен қамтитын энергия көзі 2022 жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарлануда.
-
Шығысқазақстандық құрылысшылар отандық өнімнің үлесін арттырмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығысқазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілер осы саладағы отандық өнімнің үлесін арттыру мақсатында ірі мердігер компаниялармен кездесіп, әріптестікті арттырды.
-
#Желмая. Ashyq-та «жасыл» мәртебесі неліктен үш күн ғана тұрады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков.
-
Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті. Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Жайылым жерлер ортақ қолданыста болады
Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тілшісі. Жер қатынастары саласында орын алатын өзгерістер төрт түлігін түлеткен ауыл-аймақ тұрғындары үшін жайлы жағдай жасамақ.
-
Көші-қон полициясы азаматтығы жоқтардың құжаттарын рәсімдеуде қандай қиындықтармен кездеседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингтеКөші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев КСРО кезіндегі құжатпен жүрген, оның ішінде сол кездегі одақтың өзге аумағында туған азаматтардың құжаттарын рәсімдеуде қиындықтар туындайтынын атап өтті.
-
Репрессия құрбандарын еске алу бір күнмен шектелмеуі керек – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссия жұмыс тобының жетекшісі, профессор, саясат ғылымдарының докторы Гүлшат Нұрымбетова айтты.
-
Ашаршылық пен қуғын-сүргіннің арасында үлкен айрмашылық бар – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссия жұмыс тобының жетекшісі, профессор, саяси ғылымдарының докторы Гүлшат Нұрымбетова айтты.
-
Совет режимінің репрессиясы өте қорқынышты болды, оны мойындауымыз керек – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, доцент Бауыржан Жангуттин айтты.
-
Қазақстанда балалар құқығы қалай қорғалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Мерекеге орай, еліміздегі балалардың өмірі мен құқықтары қалай қорғалып жүргенін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Алексей Милюктен сұрап білдік.
-
Азаматтығы жоқтарға бесінші маусымға дейін уақыт берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев айтты.
-
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына 15 миллиард теңгеге жуық қаражат төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 14,9 млрд теңге төленді.
-
Нигерияда қарулы топ мектепке шабуыл жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигерияның Тегина қаласында қаруланған топ мектеп-интернатқа шабуыл жасап, 200 оқушыны тұтқынға алды, деп жазды korrespondent.net.
-
Ашаршылықтан аман қалған ұрпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ел тарихындағы, күллі қазақ руханиятиындағы азалы күн. Аштық пен зұлматтан қазақ халқының тең жартысынан астамы нәубетке ұшырады. Қаралы тарих қазақ ұлтының әр шаңырағына өшпес із қалдырды.
-
Азия чемпионаты: Бүгін бес қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионаты өз мәресіне жетеді.
-
Алматы жұртшылығы ашаршылық құрбандарын аза тұтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы жұртшылығы Ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткіш басына барып, құран бағыштап, аза тұтты.
-
Мемлекеттік хатшы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Мемлекеттік хатшы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссия мүшелерімен бірге «Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР) мұражай-мемориалдық кешенін еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды.
-
2 114 112 адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 31 мамыр күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Қазақ радиосының тікелей эфирінде 1 минут үнсіздік жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақ радиосының тікелей эфирінде алғаш рет 1 минуттық үнсіздік жариялап, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды.
-
ШҚО-да инфрақұрылымдық жобалардың бюджеті қайта нақтыланды
Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты қайта нақтыланды.
-
Жаңатас жел электр стансасы Орта Азиядағы «жасыл» энергетика қорын толтыруға зор үлес қосады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан тура екі жыл бұрын Жамбыл облысында Жаңатас жел электр стансасының құрылысы басталған болатын. Сол кезде республикадағы барлық ақпарат құралдары «Қуаттылығы жөнінен Орта Азияда баламасы кем ең ірі жел электр стансасы Сарысуда салынуда» деп жарыса жазды.
-
Арал ауданында көпбалалы отбасыларға арналып үй салынып жатыр
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арал ауданында 2448 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Онда 18 пәтерден тұратын 36 үй бар. Бұл баспаналар алдымен кезекте тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілмек.
-
Ашаршылыққа қатысты шынайы ақиқат айқындалып, тарихи бағасы берілуі керек – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу Күні. Өкінішке қарай, бұл – біздің ұлттық тарихымыздың қара жамылған, қайғымен жазылған нәубет кезеңін еске салады..., деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
Тарихқа таңба болып басылған қайғылы кезеңдерді ешқашан ұмытпауымыз керек – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – тарихымыздағы ең қасіретті кезеңдердің бірі Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
-
Текелі туристер қаласына айналады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы Текелі моноқаласының басшылығы туризм саласын дамытуға көңіл бөліп отыр. Алдағы уақытта қалада Смарт сити технологиясы енгізіліп, туристік ХАБ құрылмақ.
-
31 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
COVID-19. 668 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 31 мамырдағы ақпаратты жариялады.
-
Өткен тәулікте 2436 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2436 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1405 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1405 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Президент: 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады.
Наверх